Жеке бизнес бастауға арналған 7 себеп. Бизнес ашу жолдары


Үйде бизнес жасауға болады ма?

Жеке кәсіп, ешкімге тәуелсіз уақыт және қыруар табыс-көптің арманы. Алайда, сол көптің бір пайызы ғана немен айналысқысы келетінін нақты біледі. Ал, қалғаны арманындағы кәсіптің жетегінде қалады. Біздің мақала сіздерді үйде бизнес ашу жолдары және танымал, әрі тиімді жоспарларымен кеңінен таныстырады.

Ең әуелі, үй кәсібінің оңтайлы, әрі қолайсыз жақтарын қарастырайық. Әрине, ең басты артықшылығы, сізді үнемі бақылап отыратын бастық болмайды. Кәсібіңізге қатысты барлық шешімдерді тек өзіңіз ғана қабылдайсыз. Жұмыс күнін де, демалыс уақытын да, табыс көзін де сіз реттестіресіз. Қоңыраудың шырылынан оянудың еш қажеті болмайды, жақсы емес пе?!

Әрине, үй кәсібінің артықшылықтары көп. Десе де, кемшіліктері барын да естен шығаруға болмайды. Дәл осы ретте, жалқау, ұқыпсыз, тиянақсыз, қорқақ, шешім қабылдауға дәрменсіз, жеңілісті мойындап, тығырықтан шығатын жолды қарастыра алмайтын жан кәсіптің бұл түрін игере алмайтынын ұмытпау қажет. Кейбір адамдар қатаң тәртіп пен үнемі қадағалап отыратын басшылықтың қоластында ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады. Сондықтан, жеке кәсіппен айналысу туралы шешім қабылдар алдында, өз-өзіңізден «Менің қолымнан келеді ме?» деген сұрақтың жауабын алыңыздар.

Егер, «Иә, жеке үйде бизнес пен айналысу қолымнан келеді!» десеңіз, онда біздің мақаламыздан ер адамдармен қоса, әйелдерге де арналған кәсіптің түрлерін қарастыра аласыздар. Мүмкін, қалағаныңызды табырсыз?! Немесе, ойыңызда сізге қыруар табыс пен үлкен жетістік әкелетін жоспар бар ма? Есіңізде болсын, тек қана сүйікті іс шабыт пен табыстың кілті болып саналады. Көңіліңізден шықпайтын іспен шұғылдану-уақыт пен ақшаны босқа кетіру.Олай болса, алдымен, ер адамдарға арналған идеяларға көз жүгіртейік.

Ерлерге арналған жеке үйде бизнес жоспарлар

Әдетте, ерлер бизнеске қажетті құрылғылар мен жалға орын алу үрдісінде үнемдеп қалғылары келеді. Сондықтан, кәсібін үйде ашқанды жөн көреді. Үй кәсібінің ерлерге арналған бірнеше тиімді, әрі танымал түрлері бар. Әрі қарай әңгіме осы төңіректе өрбитін болады.

Бірінші нұсқа – туристік бағытта кеңес беру кеңсесін ашу.Сіздің басты жұмысыңыз- туристтерге бағыт-бағдар беру.Яғни, қай жерге бару, немен бару, қандай қаражатпен шығу. Сонымен қоса, олардың жол жүру маршрутын да құрастыруға болады. Бұдан басқа, өзіңізді сақтандыру агентінің рөлінде байқап көріңіз. Сіздің табысыңыз сақтандырған адамдар санына байланысты қалыптасады. Әдетте, кәсіптің бұл түрі үлкен табыс әкеледі.

Екінші нұсқа – білім беру. Неге байқап көрмеске? Шет тілдерін үйрету, музыкалық білім беру, компьютерде жұмыс жасауды көрсету….Түрлері өте көп. Тек қана жастарды емес, жасы егде жандарды да табыс көзі ретінде қарастырыңыз. Жұмысыңыз жемісін бере бастаған жағдайда, өз мектебіңізді ашып, мұғалімдерді жалдап, кәсібіңізді үлкейтуге болады.

Егер, сурет салуды ұнатсаңыз, бастысы, жақсы сурет сала алсаңыз, жарнамамен айталысатын өз студияңызды ашыңыз.Құттықтау қағаз, флаер, банер дизайнымен айналысып көріңіз..Сонымен қоса, әлеуметтік желілерде шақыру афишасы жобасымен айналысып көруіңізге болады. Әлем шығармашылық адамдарының аузына қарап отырған заманда, өнеріңіз бен еңбексүйгіштік қасиетіңізді қосып, неге жеңіске жетпеске? Тапсырыспен сурет салу, мастер-класстар өтіп, оны таспаға түсіріп, оларды желіде сату жұмыстарын да қолға алыңыз.

Ағаш өңдеу жұмыстары қызықтырады ма? Ұнаса, ағаш өңдеу ісімен айналысатын шағын фабриканы неге ашпасқа? Егер, жұмысыңыз оңға басса, кәсібіңізді кеңейтуге болады. Мысалы, ағаштан жасалған бұйымдарды көтерме бағамен дүкендерге өткізу. Бұл ретте, өзіңіздің шығармашылық ойларыңызды да қосуға болады. Сізді қызықтырды ма?

Ер адамдар көне тиындарға қызықпаушы ма еді? Егер, антиквариаттан жеткілікті біліміңіз болса, онда оларды сатып алып, қайта сату істерімен айналысуыңызға болады. Антиквариатты ғана емес, шет елдердің тауарын да қайта сатуға болады. Себебі, бұл тауарлардың бастапқы бағасы арзан, оны қайта сату арқылы қомақты табыс жинауға болады.

Егер, бұрыңғы жұмысыңыздың құрылыспен байланысы болса, онда үйде отырып ақ, архитектурамен айналысуызға болады. Яғни,біліміңіз бен тәжірибеңізді пайдаланып, сызба жұмыстарын жасаңыз. Әдетте, бұл жақсы кіріс көзі болып табылады.

Соңында, өз жазба студияңызды ашуыңызға болады. Тек, арадағы көпір болсаңыз болды. Тапсырыс алып, оны фрилансерлерге жеткізу. Қиын емес қой, иә? Ал, құлшынысыңыз болса, мақалаларды өзіңіз де жазуыңызға болады.

Көріп отырғанымыздай, ер адамдарда мүмкіндік жетерлік. Қыздар, мойымаңыздар! Сіздерге де бірнеше жоспар қарастырып қойдық. Нәзік жандылар байқуатты өмірін немен қамтамасыз ете алады екен?

Әйелдерге арналған жеке үйде бизнес жоспарлар

Әйелдерге үйде жүргізе беретін кәсіптің қандай түрі бар? Бұған жоғарыда айтылған тапсырысқа мақала жазу, білім беру, дизайн-студиясын ашу сияқты кәсіп түрлерін жатқызуға болады. Жеткіліксіз бе? Онда басқа да нұсқаларын қарастырып көрейік.

Сіздің жаныңызға не жылу сыйлайды? Біреуі тігін тіккеннен рахат табады, екіншілері әшекей бұйым жасағанды ұнатады. Пысықтары үйде тапсырысқа перде тігеді. Сіз сұлу болып жүргенді ұнатасыз ба?  Ұнатсаңыз, кейбір әйелдер сіздерді сұлу қылғанды ұнатады. Мысалға, парихмахерлер, стилистер, модельерлер. Өз көңіліңізден шығатын істі тауып алыңыз. Таптыңыз ба? Онда соны ақшаға жасай бастаңыз. Еңбегіңізді лайықты бағалаудан қорықпаңыз!

Сонымен қатар, қыздарға арналған сайт ашуға да болады.Немесе, өзге кез-келген тақырыпты қарастырыңыз. Сайтты пайдалы, қажет ақпаратпен және мақалалармен толықтырып, оның топқа кіргенін ғана күтіңіз.Кейін жарнама арқылы табыс таба бастыңыз.

Нәзік жандыларға арналған керемет кәсіп-үйде жарнама орталығын ашу. Орталықтың басты міндеттеріне сыртқы жарнамамен қоса, полиграфия (флаер мен сурет шығару, мұздатқышқа арналған магнитиктер жасау), тырнаққа арналған жапсырмалар жасау кіреді.

Сонымен қоса, өз ақпарат тауарларыңызды жазып, оларды сатумен айналасыңыз. Мысалға,дискке көпшілік алдында сөйлеп үйрену, сурет салу сияқты, белгілі бір тақырыпқа арналған сабақ жазыңыз.Егер, сіз спортпен айналысқанды ұнатсаңыз, арнайы жасалған курсты дискке түсіріңіз.Сіздің тауарыңыз, яғни дискіңіз дайын болғаннан кейін, сайт ашуды қолға алыңыз. Сайт арқылы тұтынушылар тауарға тапсырыс бере алады. Сайтты дамыту ісіне бас қатырмасаңыз да болады, желіде интернет-дүкендердің шаблондары жетіп артылады. Осы ретте, дайын асқа тік қасық бола салсаңыз да болады.

Үйде отырып, фриланспен айналыссаңыз болады. Мысалға, кеңсе жұмыстарын үйде жүргізе беріңіз. Тиімді және сұранысқа ие жұмыстардың бірі-хатшы болу. Қазіргі таңда күні бойы кеңседе отыру міндет емес, шаруаларды өзіңізге оңтайлы жерде, үйде атқара беруге де болады. Хабарламаларға жауап беріп, электорнды жәшікті тексеріп, хаттамаларды уақытылы толтырып отырсың,болғаны. Оның үстіне, әдетте, шығынды да тапсырыс беруші төлеп отырады. Тіпті, үйде отырып аударма ісімен де, тілшілікпен де шұғылдануға болады.

Бала күтуші кәсібі жайлы ойланып көрдіңіз бе? Бұл кәсіппен,көбінесе, өз үйіңізде емес, тапсырыс берушінің аймағында шұғылдана алатыныңызды білетін шығарсыз?! Бүгінде қарбалас жұмысқа, мансапқа байланысты ата-аналардың көбісі балаларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөле алмайды. Сәбилерінің денсаулығына немесе бітпейтін кезекке байланысты, балабақшаға өткізе алмайтын кездерде абдырап қалған ата-ана бала күтушіден басқа амал көрмейді. Бұл-табыс көзі.

Қорыта келгенде,әйелдер үшін үйде отырып кәсіп жүргізудің жолдары өте көп. Тек, өз жүрегіңізге құлақ асып, дұрыс таңдау жасай алсаңыз болғаны. Дұрыс таңдау мен еңбексүйгіштік-табыс кілті.

Жер үйдегі кішігірім өндіріс

Егер, сіздің жер үйіңіз болса, оны өндіріс көзіне айналдыру-өз қолыңызда. Жер үйдегі кішігірім өндіріс – жақсы табыс мүмкіндігі. Кәсіптің осы түрінің бірнеше жолын қарастырып көрейік.

Әлбетте, ойға бірден тағам өндірісі келеді. Сіз,мысалға,шұжық өндірісімен айналыса аласыз. Бұл іске бір кең орын да жеткілікті. Сізге қажет құрал-жабдық та көп орын алмайды, өз бағасын да тез арада жабады.

Жартылай консерванттарды шығару да жаман ой емес.Себебі, консерваттар ұзақ уақыт бойы сақталады, әрі олар кең ауқымда сұранысқа ие.Бұл кәсіпті игеру қиын емес. Оның үстіне, өндіріс ауқымын кеңейтіп, фабрика ашып,жұмысшыларды жалдауға да болады.

Кондитерлік іспен де әбден шұғылдануға болады. Бұл-әйелдерге жеңіл іс. Себебі, бар-жоғы бір ас үй болса, болғаны. Егер, сіз дәмді тағам даярлай алсаңыз, қуана беріңіз. Қазіргі кезде тапсырысқа бәліштер мен тоқаштар әзірлеу-кең ауқымда қолға алынып келе жатқан іс. Ал, тоқаштарды жаныңыздағы дүкенге де өткізіп, кіріс көруіңізге болады. Тағамдарыңыз шынымен де дәмді болып, қолыңыздан бал тамса, кәсібіңіз көркейетініне сенімді болыңыз.

Соңғы кездері, бақшадағы мүсіндерге тапсырыс көбею үстінде. Кішігірім қаржыға қажет құрал-жабдықтарды сатып алып, қомақты қаржыға ие болуға болады.

Ер адамдарға кәсіптің қызықты бір түрі-кесекблоктар. Сізге бар керегі-қоспа араластыратын ыдыс пен формалар. Біраздан кейін бетон араластыратын вибростолға қол жеткізіңіз. Ол жұмысыңыздың алға басуына көмектеседі.

Сонымен, біз үйден шықпай-ақ кәсіп жүргізудің жолдарын қарастырдық. Ерлер де, әйелдер де өз пәтерінің қабырғасында отырып табыс көре алады. Соны бастау үшін бизнеске ақша қайдан алуға болады білуге шақырамыз. Тек, сенімді, әрі талапшыл болыңыз!

Достарыңмен бөліс:

www.tabysker.kz

Жеке бизнес бастауға арналған 7 себеп

Жеке бизнес бастауға арналған 7 себеп

Арамыздағы көпшілігіміз ЖОО аяқтағаннан кейін немесе кәмелет жасына толғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу туралы бас қатыра бастаймыз. Дегенмен, бұл дұрыс бағыт емес. Неге? Таңғалатын боларсыз? Ал сіз өз-өзіңізге жұмыс істегіңіз келмей ме? Оған ойланарлық 7 себеп бар екен. Қарастырып көрелік.

Сіз тәулік бойы табыс тауып отырасыз

Әрине, жалақысы жоғары, тұрақты жұмысқа орналасу, өз еңбегіңмен қаржы табу әркімнің де ойында бары анық. Бизнеспен айналысатын адамдар олай ойламайды. Себебі сізге жұмыс істеген уақытыңызға ғана төленеді. Ал демалып жатсаңыз, сізге ешкім қаржы бермейді. Бір сәт ойға батып көріңіз, сіздің жеке бизнес жобаңыз сіз істемеген күнде де  сізге табыс келтіріп отырады.

Жұмыста аптасына 40 сағат уақытыңызды жұмсайсыз. Уақыт бізге маңызды емес. Ең маңыздысы біздің ол үшін қанша жалақы алатынымыз.

Айта кетсек, жеке бизнесті ашу, кез-келген жобаға салым салу, сайт ашу, өнертабысыңыздан пайда табу немесе шығармашылық жұмысыңызға гонорар алу. Осы орайда, сіздің құрған жүйеңіз сіздің уақыт бөлмей жүрген кездеріңізде де табыс келтіріп тұратын болады. Бизнеске қадам баса тұра, сіз уақытқа жұмыс істемейтін боласыз. Оның орнына сіз жалдаған мамандар жұмыс атқаратын болады.

Барлық табыс – сіздікі

Жалданып жұмыс істеу барысында сіз өз қажеттілігіңізден бөлек, басшылығыңызға да қаржы келтіріп отыратыныңызды ұмытпаңыз. Демек, сіз жұмыста келтірген табыстың бір бөлігін ғана алып отырасыз. Сіздің жалақыңыз сіз ойлағаннан да жоғары болуы мүмкін еді. Бірақ ол жүзеге аспайтын дүние. Себебі бұл - бизнес.

Өз табысыңызды өзіңіз реттейтін боласыз

Жалданып жұмыс істеу барысында жалақыңызды жоғарылататын болсаңыз, сізге біраз тер төгуге тура келеді. Дегенмен, оның да нәтиже беруі екі талай. Ал өз жүйеңізде қаншасын жұмсауды, қаншасын өз мақсатыңызға алып қалуды өзіңіз шешесіз.

Қаржы тәуелсіздігін ұғына бастайсыз

Расында, адамдар тәжірибе жинақтау үшін де жұмысқа орналасады. Ал, шын мәнінде,  біздің жұмысымыз бар не жоғына қарамастан, өмірлік тәжірибе жинақтаумен боламыз.  Белгілі бір жұмыстың тәжірибесіне оралатын болсақ, сіз тек бір саланың ғана маманына айналасыз. Өзіңіз ойланып көріңіз. Қандай тәжірибеге ие болғыңыз келеді? Тұрақты тапсырмаларды орындай беру ме әлде өз қаржыңызды басқара алатын тәуелсіз тұлға болғыңыз келеді ме?

Өз-өзіңізге бастықсыз

Жұмысқа орналасқан кезде сіздің жұмысыңызды бақылап отыратын бастығыңыз болады. Егер сөз орай келмей қалып, бастықпен келіспей қалсаңыз ше? Сіздің жұмыстан шығып кетпеуіңізге ешкім кепіл болмайды. Ал бастаған бизнесіңізде өзіңіз бастық боласыз.

Өзіңізді қаржы қауіпсіздігімен қамтамасыз ете аласыз

Тағы көптеген адамдар тұрақты жұмысқа орналасу жанұяны тұрақты қамтамасыз ету деп біледі. Ал қазіргі уақытта сізге табыс көзі болып отырған жұмыстан әп-сәтте шығып кетуіңіз мүмкін. Сіз жұмысқа орналасу алқылы өзіңізді толық қаржы қауіпсіздігімен қамтамасыз ете алмайсыз. Себебі сіз жағдайды бақылаушы емессіз. Тек өзіңізге жұмыс істеу арқылы ғана тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз ете аласыз.

Шешім қабылдауды үйренесіз

Сіз белгілі бір салада еңбек етіп жатқаннан кейін, қоршаған ортаңыз да сол саланың мамандары болады. Сондай-ақ, әрбір кеңседе корпоративті мәдениет деген болады. Бұл сізге белгілі бір шектеулер мен талаптар қояды. Көп адам ондай тәртіпке көніге алмауы да мүмкін. Ал өз бизнесіңізді жүргізіп жатқанда сіз ол ережелерді құрастырушысына айналасыз, яғни өзіңізге би, өзіңізге қожа боласыз.

Шешім

Әркімнің өз таңдауы бар: жұмысқа орналасу немесе жеке жоспармен табысқа кенелу. Қазіргі кезде, көптің бары жұмысқа орналасуға қарағанда өз бизнесін бастағанын жөн көреді. Сосын уақыт өте келе, кезінде орынды шешім жасағаныңызға көзіңіз жететін болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.gobankingrates.com

massaget.kz

Ауылда тұрып бизнес бастауға бола ма?

«Бастау бизнес» жобасы бойынша өңірдің бес ауданынан (Ақжайық, Жаңақала, Зеленов, Қазталов, Теректі) іріктелген ынталылар тобы алты кезеңге бөлініп, әрқайсысы 1 ай сабақ алуда. Кәсіппен бұрыннан айналысып жү­ріп, ісін кеңейтуді ойлаған немесе кә­сібін жаңадан бастағысы келіп жүрген ын­талылар күніне 8 сағаттық дәріске қатысады. Бұл оқу барысында бизнес ашу және оны жүргізу аспектілері жайында айтылып, кәсіпкерлік негіздері бойынша жеке кеңестер берілуде. Өңі­рі­міздегі маңдайалды кәсіп иелерінің ең­бегінен мысалдар баяндалып отырады. «Бастау бизнестің» мақсаттары мен мін­дет­тері, «Бизнес-сананың психоло­гия­сы», «Бизнес-идеяны таңдау» си­яқты та­қырыптар талқыланып, егжей-тег­жей­лі ұғындырылуда. Бір айта ке­терлігі, бұл бағдарлама бойынша бі­лім алу­шы­лардың жасына шектеу қой­ыл­майды.

Бүгінгі таңда «Бастау бизнес» сабақ­та­рының үш кезеңі аяқталып, Батыс Қа­зақстан облысының 5 ауданынан 456 адам арнайы курстан өтіп үлгерді. Төр­тінші кезеңде 150 адам дәріс алып жа­тыр. Жыл соңына дейін барлығы 938 адам қамтылады деп күтілуде.

Мемлекеттен қолдау болса, кәсіптің кө­зін ашуға болатынын кәсіпкер азаматтар дәлелдеп жүр. Тек ынта керек. Егер дә­ріске қатысушылардың бәрі оқуды то­лық меңгерсе, ізденістерін одан әрі жал­­ғастырса, барлығы да комиссияның сы­нынан сүрінбей өтіп, тиімді несиеге қол жеткізетіні анық. – Облыстық кәсіпкерлер палатасының бастауымен 2016 жылы 304 кәсіпкерлік ны­сан өздерінің жобаларын іске асыру үшін жалпы сомасы 1 664 743 500 тең­ге қаржы алды. 228 кәсіпкерлік субъектісі жұ­мысын бастады. Сондай-ақ, 8 ин­вес­ти­циялық жобаға бизнес-жоспар дайындалып, оның 4-еуі мемлекеттен қолдау тапты, – дейді Батыс Қазақстан облысы кә­сіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршин.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­­дау қоры» АҚ, Батыс Қазақстан об­лы­сы әкімдігі және өңірлік кәсіп­кер­лер палатасы бірігіп, аудандарда мик­рокредиттік жобаны жүзеге асы­ру­ға кірісті. Бұл жоба бойынша ауыл­дық жер­­лердегі кәсіпкерлерді қолдау мақ­са­­тын­да жергілікті әкімдік пен «Ауыл ша­руашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ әрқайсысы 300 миллион теңгеден қаражат шығармақ. Жиналған 600 миллион теңге өз кәсібін жаңадан бастаған ауыл кәсіпкерлеріне 7 пайызбен несиеге беріледі. 

«Бастау бизнес» мектептері еліміздің 80 ауданында іске қосылған екен. Ал Батыс Қазақстан облысынан бүгінге дей­ін 80 ауылдан 500-ге жуық адам кә­сіп­керлік әліппесін оқып үлгеріпті. Курс біт­кен кезде тыңдаушылар сертификат алып қана қоймай, өз ісін де аша алады. Өйт­кені, бизнес-жаттықтырушылар өз тың­даушыларына бизнес-жоспар жа­сау­ға жәрдемдеседі, мемлекеттік де­меу­­қаржыны алуға қажетті құжаттарды жи­науға, жер қатынастары, лицензия алу, салық заңдылықтары мәселелеріне көмектесіп, ақыл-кеңес береді. 

Бұл жоба негізінен жұ­мыссыз жүрген ауылдықтарға және өз күнін өзі көріп жүрген жандардың кәсібін жолға қойып, одан әрі дамытуға арналған. Бағдарламаның басты жа­ңалығы да сол – қызықты, болашағы бар жо­ба ұсынылса, оны сол мезетте қар­жы­ландырудың мүмкіндігі бар.

– Біздің алдымызға келіп, кәсіпкерлік са­бағын алып жатқан ауылдықтардың ең жасы 19-да болса, ең үлкені 62 жаста екен. 30 күндік дәрісте 12 түрлі пәннен са­бақ беріледі. Ауылдықтарға ыңғайлы бо­луы үшін сабақ та тұрғылықты жерде ұй­ым­дастырылған. Зеленов ауданына қа­расты Переметный, Мичурин ауылдық ок­ругі мен Дариян селосында біз 93 адам­ды оқыттық. Алғашқы екі кезеңде оқыған жас кәсіпкерлердің қатарынан 23 адам өз жобаларын ұсынып, жалпы кө­лемі 100 млн теңгеге жуық қаржы алып үлгерді. Өткен үш кезеңде 4 адам өз кәсібі үшін жер телімін алса, 5 адам өз қар­жысына жаңа кәсіп бастады, – дейді биз­нес-тренер Қуанышбек Ерниязов.

Әрине, ауылдың күн көрісі мал ар­қы­лы болып тұр. Сондықтан да «Бас­тау биз­нес» жобасы арқылы қаржы­лан­ды­рыл­ған жобалардың да 80 пайызы мал ша­руашылығы саласына тиесілі екен. Соның ішінде мал бордақылап сатам деушілер көп.

Зеленов ауданына қарасты Трекин ауылында тұратын Данияр Капушов пен Мейірхан Иманғалиев өз ауылынан асыл тұқымды ангус бұқалары мен қашарларын сататын станса ашыпты. Он жылдан бері ет сатумен айналысқан ауылдастар Қостанай облысы Қарабалық ауданында орналасқан «Север-Агро Н» ЖШС-мен әріптестік байланыс жасап, етті бағыттағы абердин-ангус асыл тұ­қым­ды сиырларын өсіретін белгілі ша­руа­шылықтың облыстағы өкілдігін аш­­қан. Австралия мен Канададан әке­лі­ніп, қ­а­з­ақ топырағына әбден бейім­дел­ген мұн­дай қара сиырлар бұл өңірде бұ­рын жоқ еді. 

– «Бастау бизнес» – керемет бағ­дар­лама болды. Бизнестің қыр-сырын үй­ренд­ік. Қазір бұл сиырларды жеке аулада ұстап отырмыз, болашақта арнайы үлкен мал қорасын саламыз. Сиырдың бұл тұ­­­қымы тез өсіп-жетіледі, еті көп, сал­мақ­­т­ы. Бұрын ангус сиырын алғысы ке­ле­тіндер өзге өңірге сабылса, енді кез кел­­ген көлемде жақын жерден, бізден ала қояды. Малдың барлық құжатын, ек­пе шарттарын түгел сақтаймыз, – дейді Мейір­хан Иманғалиев. 

Ерлі-зайыпты Тохир Жаббаров пен Да­рья Колпакова 4 млн теңге несие алып, 24 бас сиыр сатып алған. Несие 6 пайыздық жылдық өсіммен 6,5 жылға бе­ріл­ген. 

– Алғашқы төлемді 9 айдан кейін ға­на жасаймыз, бұл бізге өте қолайлы, – дейді Садовый ауылының тұрғыны Тахир Жаббаров. 

Дариян ауылында тұратын 19 жасар Ар­тур Озеров 13 жасынан бастап ең­бек­ке ­араласқан екен. Жас кәсіпкердің әр сө­зі нық, болашағы жоспарлы. – Мектепте оқып жүріп-ақ қарбыз сат­тым, металл сынықтарын тапсырып, ақ­ша табуды үйрендім. Бір күні әкем кіл­ем жуу туралы ұсыныс айтты, құрал-жаб­­дығын да алып берді. Ауылдың әр бұ­рышына жарнамамды іліп, тапсырыс түс­кен үйдің кілемін өзім алып кететін болдым. Қазір мені бүкіл ауыл біледі. Те­ле­фон шалса болды, өзім барып, кілемін жу­ып, тазартып апарып беремін. Қазіргі та­бысымның дені осы кәсіптен түсіп тұр, – дейді Артур.

Артур Озеров өз қаражатына авто­кө­лік жуатын орын ашып қойған. Сонымен бір­ге, «Бастау бизнестің» дәрістеріне қа­ты­сып, кәсіпкерлікті дамытудың қыр-сы­рын да үйреніпті. 

– Артур бізде оқып жүріп кәсіп­кер­лік­тің жаңа бағыттарын таңдай бастады. Мал алып бордақылау, дүкен ашу секілді идея­лар болды. Бірақ біз ақылдаса ке­ле монша салуды ұйғардық. Өйткені, Ар­турдың осы кезге дейін машықтанған ісі­мен бағыттас, – дейді Зеленов ауданы бойынша бизнес-жаттықтырушы Қуанышбек Ерниязов.

– Көлігін жуғызуға келген адам әзір тұр­­­ған моншаға кіріп, өзі де тап-таза болып жуынып алуға қарсы болмас, – деп кү­­леді Артур.

Жастығына қарамай екі адамға жұ­мыс беріп отырған кәсіпкердің жоспары­на, жігеріне риза боласыз. Достық ауылында тұратын Сабыр­ға­ли Сисенов те «Бастау бизнес» дәрісінен кей­ін 3,4 млн теңге несиеге күнбағыс май­ын шығаратын шағын цех сатып ал­ған. Ол бұрын көп жыл базарда шемішке сат­қан екен.

Кәсіпкерлік сабақтары Теректі ау­да­нын­­да да белсенді өтіп жатыр. Ал­ғашқы үш кезең бойынша 101 теректілік бір ай­лық курста бизнестің қыр-сырына қа­ныққан.

Солардың бірі Байжан Исеев Шаған ауыл­дық округінде қасапхана ашуға бел байлапты. Орал қаласына жақын ор­на­лас­қан бұл ауыл тоғыз жолдың торабын­да тұр. Бүгінде жаңа ветеринарлық та­лап­тар бойынша мал тек арнайы орын­дарда сойылуы тиіс. Міне, Байжан  Жәр­­демұлы дәл осы қызметті қолға ал­­мақ­шы. Бірақ, заманауи қасапхана са­­лу үшін көп қаржы керек. Бүгінде Б.Исеевтің бизнес-жоспарына сәйкес ке­­ректі 20 млн теңге несие мәселесі Ау­ыл шаруашылығын қолдау қорының бас кеңсесінде талқыланып жатыр екен.

Міне, Елбасының тікелей тапсыр­ма­сына сәйкес қолға алынған «Нәтижелі жұ­­мыс­пен қамтуды және жаппай кәсіп­кер­­лікті дамытудың 2017-2021 жыл­дар­ға арналған бағдарламасын» Батыс Қа­зақ­стан өңірінде жүзеге асыру мақсатына би­ыл 3616,4 млн теңге бөлінген екен. Бұл, әрине, аз қаражат емес. Бірақ бұл қар­жыны құр үлестіріп беру де дұрыс емес. «Мұқ­таж жанға жейтін балық берме, сол балықты аулайтұғын қармақ бер» – «Бастау бизнестің» қағидасы осы.

Батыс Қазақстан облысы

Суреттерді түсірген  автор 

egemen.kz

«Бизнес-Кеңесші» жобасы

1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

«Бизнес – Кеңесші» жобасы өзіңіздің жеке бизнесіңізді қалай ашу немесе құрылған компанияның жұмысын қалай оңтайландыру керектігін айқындайды. Оқу барысында Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізді ашуға қажетті маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздері, қаржылар туралы білімді меңгересіз. Кәсіби оқытушылар Қазақстанның 209 аудандары мен қалаларында жеке кәсіпкерлік бойынша оқыту жүргізеді. Оқу аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылапр сертификат алады. Оқудың ұзақтығы: 2 күн бойы, сағат 09:00- 18:00 дейін. Оқу ақысыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер де Сіз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында грант алу үшін өтінім беруге ниет білдірсеңіз, «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстан өтіп, сертификат алу міндетті шарт болып табылады. Сонымен қатар, «Банк ЦентрКредит» АҚ «DAMU StartUp» несиесін алу үшін «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқу мен сынақталудан өту қажет.

Оқу бағдарламасына келесі тақырыптар кіреді:

• кәсіпкерлікке кіріспе;

• кәсіпкерлік психологиясы;

• бизнес-жоспар;

• маркетингтік қызмет;

• қызметкерлерді басқару;

• кәсіпкерut арналған қаржы;

• кәсіпкерліктің құқықытық аспектілері;

• бизнесті жүргізуге қатысты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдылары.

2. Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды:

С із осы жобаға :

• жеке ісіңізді ашуды жоспарлап жүрсеңіз, немесе

• жеке ісіңізді жаңадан бастаған кәсіпкер болсаңыз қ атыса аласыз .

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Оқуға қатысту үшін Сіз келесідей әрекеттер жасауыңыз қажет:

• www.damu.kz сайтында аймақтарда тренингтерді өткізу кестесімен танысу;

· алдынала жазылу үшін «Даму» Қорының менеджерлерімен хабарласу қажет. Аймақтық филиалдардың байланыстары: Менеджер Сізге оқу курстары қай мекен-жайы бойынша және қай уақытта өткізілетіні туралы хабарлайды. Алматы қаласы бойынша оқуға жазылу үшін Сall centre+7(7272)445566 немесе 1408 қоңырау шалу қажет.

• белгіленген күні және уақытта көрсетілген мекен-жай бойынша оқуға келу қажет, жобаның үйлестірушілері ұсынатын сауалнаманы толтыру қажет, және қатысушы ретінде тіркелу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сертификат алу үшін оқудың толық курсын өту қажет (2 күн, 09:00 мен 18:00 аралығында). Сіздің қатысуыңызды растау үшін жобаның үйлестірушілері қатысушылардың тіркеуін күнсайын жүргізеді.

4. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер .

«Бизнес-Кеңесші» жобасына қатысушылар оқуды өткеннен соң «Даму» қоры іске асырылатын басқа да қаржылық және қаржылық емес құралдарымен пайдалану мүмкіндігіне ие болады, мысалы: гранттар, бизнес үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, несиелерді кепілдеу, қаржылық лизинг, сервистік қолдау және т.б.

5. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ) .

Сұрақ : «Егер мен кәсіпкер болмасам, бірақ бизнесті құру негіздері бойынша білім алғым келсе, бағдарламаға қатыса аламын ба»?

Жауап : «Иә, қатыса аласыз. Бағдарлама әрекет етуші кәсіпкерлерге және бизнеспен айналысуға ынталы адамдарға арналған».

Сұрақ : «Бағдарламаға қатысу тегін бе? Егер тегін болмаса, оның бағасы қандай»?

Жауап : «Бағдарламаға қатысу үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. Егер Сіз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша грант алуға ниет білдірсеңіз, осы курстан өтіп, сертификат алуға міндетті екеніңізді ескертеміз».

6. Жобаны іске асыру нәтижелері

Бағдарламаға қатысушылардың арасында жүргізілген зерртеу нәтижелері негізінде, курстарға қатысу тек кәсіпкерлерді ғана емес, жеке тұлғаларды да қызықтыратыны анықталды. Әрекет етуші кәсіпкерлер өздерінің білімдерін пысықтап, тереңдеткенін атап өтті, және де олардың көбі курсты бітіргеннен соң мемлекеттік грант алуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Өткізілген курс кезінде толтырылған сауалнамаларда ынталы кәсіпкерлердің жартысынан астамы (57%) өз бизнесін ашуды жоспарлайтыны туралы атап өткен. Бүгінгі күні, тыңдаушылардың 8% өз бизнестерін ашты.

2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Бизнес-Кеңесші» жобасының аясында кәсібін жаңадан бастаған және әрекет етуші 48 000 кәсіпкер оқытылды.

business.gov.kz