74. Туризмдегі кәсіперлік орта және кәсіпкерлік қызметті бизнес жоспарлау. Бизнес жоспарлау


Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік

Жоспар:

 

І. КІРІСПЕ................................................................................................................3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

  1. Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік....................................................4
  2. Бизнес жоспарлауды құру ерекшеліктері....................................................6
  3. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасындағы ерекшеліктер......8

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................10

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ...........................................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Нарықтық экономикалы  дамыған шетел елдерде кәсіпорында  бизнес-жоспар ең басты элемент болып  табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерліккі стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдарымен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.

Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.

Стратегиялық жоспарды жалпы  кәсіпорын бойынша құрастырады  және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.

Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең  ауқымды болып келеді.

Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты бір мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.

Еркін кәспкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің  өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.

Бизнес-жоба ойға алынған  негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік  операциясын іске асырудың ортақ  идеясын білдіреді. Жобада белгіленген  операцияның мазмұны мен бағыттылығы  суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті. Жобалар негізнде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді. Кәсіпкерлік жобаларды, ойларды іске асыру жоспарышетелдік тәжірибеде бизнес-жоспар деген атауға ие. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына бизнестің ену шамсына қарайбізде де мұндай жоспарлар етек алуда.

Бірқатар жағдайларда бизнес-жоспарда іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба біріктірілген.операцияның бизнес-жоспарын дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер бизнес-жоспар құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға дейін бизнес-жоспар құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек.

 

 

 

 

  1. Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік

 

Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Кәсіпорынның бизнес-жоспары– кәсіпорын қызметінің сапасын айқындаушы және оны басқарудағы негізгі құралдарының бірі болып табылады.Бизнес-жоспарды құру кәсіпорынды басқару сапасын жоғарылатып, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жол береді. 

Нарық шарттарында және қатаң бәсекелік күресте кәсіпорын ішкі және сыртқы өзгерістерді есепке алып, тез арада керекті амалдарды қолдануы тиіс. Бұл бірнеше шарттарды орындағанда ғана жүзеге асады:

    • басқарма және оның инвесторлары қазіргі кездегі қаржылық жағдайды дұрыс бағалап, нарықтағы орнын анықтауы керек;
    • кәсіпорын жетістікке жетуі үшін өзінің нақты және актуалды мақсаттарына ие болуы тиіс;
    • мақсат қою барысында менеджмент қарқынды түрде жоспарлауды қолданады және ол қатаң қадағаланып, жоспардың әр пунктінің орындалғанына көзін жеткізуі қажет;
    • кәсіпорын басқармасы және инвесторлар нарықтағы жағдайды толық түсініп, ішкі және сыртқы процестерді толық зерттеуге алады.

Бизнес-жоспар ішкі және сыртқы мақсаттарға байлансыты құрылады. Көбінесе, бұл жағдайды біздің елдің компаниялары инвестиция тартар алдында жасайды. Алайда, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана, себебі ол тек қана сыртқы мақсатта ғана емес, ішкі мақсатқа орай да құрылады.

Бизнес-жоспарлаудың ішінде қызығушылық танытып отырған жақтар, яғни салымдарының қарқындылығын бағалау үшін салым жасаған инвестор және кеңес беруші және атқарушы кәсіпорын арасында бизнес-жоспарлау жасалады. 

Бірінші кезекте, бизнес-жоспарлау инвесторға қажет болып табылады, себебі, олардың кәсіпорындарының жағдайы жоспарға тікелей байланысты болады. Осы себептен, бұл бизнес жоспарлау инвестордың қатысуынсыз жасалынбайды. Егер бизнес-жоспарлау дұрыс жолмен жүріп, өз мақсатына жетсе, онда инвестордың табысы молая түседі. 

Бизнес-жоспардың кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері:

    • өз идеяларын жасап, оның қағаз жүзінде есептеулер жүргізіп, өмір сүру ұзақтылығын тексере алады;
    • мұндай қағаздағы (виртуалды) вариант ішіндегі идеялар көптеген қателіктерден және керегі жоқ шығындардан құтқарып, өз қаражатын және уақытын үнемдеуге көмектеседі;
    • кәсіпкерге кәсіпорынның жұмыс істеу механизмін жақсырақ түсіндіріп, нарықтық ортада қателіксіз жұмыс істуіне көмегін тигізеді;
    • бизнес-жоспарды жасап, бітірген кезде ол кәсіпкерге көздеген мақсатына жетуге көмектесетін нақты зерттелген карта немесе схема ретінде қызметін атқарады.

 

 Бизнес-жоспарды басқа  біреу жасағаны үшін құнын төлеп, жай ғана  инвестициялық проектіні алам деп ойласаңыз – бұл қателік болады. Себебі  инвестор жай ғана «шикі» вариантты алып, оның сұраныстарын қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл кәсіпкер үшін тағы да шығындарға әкеледі. 

Бизнес-жоспарды жасау барысында көптеген ақпаратты жинау мен өңдеу үшін көп күшті қажет етеді. Ал кейінгі қаржылық жоспарлау оңайырақ түседі, себебі ол уақытылы салымдар, жоспарға өзгертулер мен толықтырулар және нарық жағдайына тез арада әсер етуді ғана талап етеді.  

Жоғарыда айтып кеткен мәселе бойынша қорыта айтқанда, бизнес-жоспарды жасау үшін өз уақытыңыз бен қаржыны дұрыс жұмсасаңыз - өзіңіздің қалаған жетістігіңізге тез жетесіз.

Ең алдымен, жоспар кәсіпкерлік  операцияның мақсаты мен міндетін суреттеуден құралады. Жоспар құра отырып, ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін, күтілетін пайданы ойластыру қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп қалмауы тиіс. Кәсіпкерлік іс-әрекеттер бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да қарастыруы тиіс. Атап айтсақ, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, табиғатты аялау, әлеуметтік сілкіністерді сейілту, іскерлік байланыстарды кеңейте түсу т.б. кәәсіпкердің мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау мен сақтау, экономикалықәлеуетін ұлғайту – маңызды міндеттердің бірі.

Бизнес-жоспар міндетті түрде кәсіпкерлік өнім сипаттамасынан, яғни тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар және қызмет сипаттамаларынан құрылуы тиіс. Жоспарда кәсіпкерлік операцияның түпкілікті өнімі толық суреттелуі қажет. Жоспар тауар тұтынушылары шеңбері мен өзі қанағаттандыратын қажеттіліктер туралы мәселеге жауап беруге арналған. Бизнес-жоспарды құру кезінде есептеу жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша операцияның нәтижелігі мен қажетті ресурстық қамтылу айқындалады. Тұтыну ресурстарын анықтау кезінде кәсіпкерлік қызметке қажеттібарлық құралдар ескеріледі, бұл қажетті құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы бизнес-операцияның схемаларын суреттеуде көрсетілген.

Бизнес-жоспарды жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асырудың ұзақ мерзімді салдарларына талдау жасалады. Мұнда кәсіпкер мен қоғам үшін қолайлы және қолайсыз жағдайлар, оларға байланысты кірістер мен шығыстар ескеріледі.

 

2. Бизнес жоспарлауды құру ерекшеліктері

 

Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

    • жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
    • тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
    • бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
    • маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
    • өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
    • ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
    • жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
    • жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
    • жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
    • қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді. 

 

Инвестициялық проектілердің типтік құрылымында мына бөлімдер көзделеді:   

1.    Көрсетімділік бет– мұнда компания аты, заңды және нақты мекен-жайы, телефоны, e-mail және сайтының аты (егер ол бар болса), компания иеленушілерінің толық реквизиттері, проектінің аты және оған қысқаша нұсқаулары және проектінің орындалған күні  жазылады.  

2.    Проект резюмесі– ол проектінің негізгі бағытын және қорытындыларын қамтиды. Резюменің мақсаты – инвесторды қызықтырып және оны проектімен таныстыру.Резюме көлемі 2-3 бетті құрап, терминсіз жай сөздерді қамтуы тиіс. Ол инвесторға бұл проектінің пайдасын және салымының перспективасын көрсетеді. 

3.    Компания туралы мәлмет– ол компания туралы мәліметтерді қамтып, инвестициялық проектіні ұсынады. Онда компания иеленушілері туралы ақпарат, компания мақсаты, негізгі өнімдері меня компанияның нарықтағы орны көрсетіледі.  

4.    Өнімі немесе қызметі туралы мәлімет– кәсіпорынның тауарлары мен қызметтрі және олардың характеристикасы, олардың тұтынушылары, тауар мен қызметтің құрамы және оның нарықтағы басқа тауарлар мен қызметтен айырмашылығы, патенттер мен лицензиялары туралы мәліметтер көрсетіледі;  

5.    Маркетингтік анализ– нарықтағы тауарлар туралы ақпараттар, бәсекелестердің өнімі, бәсекелестердің тауарынан артықшылығы мен эксклюзитілігі, бәсекелестердің аты, реквизиттері, тауар немесе қызмет бағасы және олардың таңдаған стратегиясы жазылады. 

Маркетингтік  анализ – бизнес-жоспарды жасаудағы ең бірінші және маңызды этабы болып табылады. Маректингтік анализдегі маңызды бөлігі тауар немесе қызмет көрсетудегі негізгі көлемі, бәсекелестердің нарықтағы бөлігі, сатып алушылардың мотивациясы көрсетіледі. 

Осы бөліктің негізгі  қызметі – нарық қандай тауарды қажет етеді, қай бағамен және неге дәл осы тауарды сатып алады деген сұраққа жауап беруі. Бұдан басқа, сол нарықтың даму тенденциясы және оның қазіргі күйінің анализі, орташа таыбыстығы, кәсіпорынның өнім өндіруінің көлемі мен масштабы бейнеленеді. 

6.    Тауардың жылжу стратегиясы– мұнда тауар немесе қызметі нарықтың қандай сегментіне жатады, тұтынушылардың қандай категорясына негізделген, тауар не қызмет сапасы, берілген тауарды қандай жолмен жылжытады, қандай стратегияны қолданады, маркетингке кететін шығындар көрсетіледі. Бұл көптеген кәсіпкерлердің бизнес-жоспарының әлсіз жері, себебі осы факторларды ескермей келесі бөлімге көшеді. Ал бұл инвесторларды ең қызықтыратын бөлімі. 

7.    Өндіріс– бұл пункт кәсіпорынның өнім өндірудегі қолданатын технологиясын, бұл технологияны қолднану себебі, технологияның негізгі процестері, оның жұмыс істеу схемасы және орналасу орны көрсетіледі. Егер кәсіпорында реконструкция көзделген болса, онда осы пункте барлығы көрсетілуі тиіс. Бұл бетте материалдар мен шикізаттарға кететін шығындар, сатып алуға, жеткізуге, кәсіпорынға қосымша қызмет көрсетуге және жабдықтарды жөндеуге кететін шығындар есептелінеді. Егер жаңа құралдар, аппаратуралар онда бұл технологияны қолдануға жаңа личензияның рұқсаты көрсетіледі. 

8.    Персонал бойынша жоспар– бұл бөлімде персоналды алу бойынша қажеттіліктер қарастырылады.Онда персоналдағы адам саны, олардың квалификациясы, әрбір жұмысшы бойынша еңбек нарығындағы орны, персоналға төленетін еңбек ақы сомасы, олардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі және квалификациясын жоғарылату бойынша арнайы сабақтар мен курстар жазылады.  

stud24.ru

Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік

9.    Ұйымдастыру құрылымы және оны басқару – бұл жерде басқармадан ең төменгі статусты адамдардың қызмет бойынша топ генеалогиясы жүргізіледі. Оларды ынталандыру, әлеуметтік қажеттліктерін қамтамасыз ету көрсетіледі. 

Егер басқарма өзгеретін болса, онда жаңа акционерлер  құрамы көрсетіліп, кәсіпорынның басшысы  көрсетіледі. Олардың кәсіпорында  алатын жаңа ролі және қызметі қарастырылады.  

10.     Қаржылық жоспар– бизнес-жоспардың ең тартымды бөлігі болып табылады. Ол инвестициялық проетіге қажет ресурстар көрсетіп,  қай уақыт периодында жүргізіледі және маркетингтік сараптаманың қорытындысы көрсетіледі. Қаржылық жоспарда компанияға қайдан қаражат түседі, оның қаржыландыру көздері және мақсаттары сипатталады. 

11.     Проектінің тәуекелділік анализі– бұл бөлімде проектінің кейбір тәуекелділік жағдайлары көрсетіледі: характеристикасы, оларды минимизациялау жоспары құрылады. 

12.     Бизнес-жоспарға қосымша құжаттар – бұл бөлім бизнес-жоспар маркетингтік зерттеулері, спецификасы және құрылымы, бәсекелестер менолардың тауарлар мен қызметтерінің мазмұны, жарнамалық материалдардың көшірмесі, прайс-лист, каталог, сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің хаттары, контрактілер, басшылардың резюмесі және эксперттердің сараптамасы міндетті түрде көрсетіледі.       

 Бұл бизнес-жоспарды  жасаудың негізгі талаптары. Оның  дұрыс жасалуы компанияның келешете  табыс береді ме, жоқ әлде, шығын  келтіре ме, осыған әсерін тигізеді.

 

 

3. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасындағы ерекшеліктер.

 

Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.

Стратегиялық  жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша  құрастырады және барлық мақсаттар  мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.

Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең ауқымды  болып келеді.

Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты  бір мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.

Бизнес-жоспарға ұқсас құжат болып  технико-экономикалық негіз болып табылады, өйткені  мұның бағыты бизнес жоспардағыдай, бірақ технико-экономикалық негіз  шағын болып келеді. Бизнес жоспар - бұл кәсіпкерлік жобаның негізгі  формасы болып табылады.

Нарықтық щаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады  және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті  анықтамасы болып табылады.

Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

 

Бизнес жоспарлауды  логикалық түрде бірінен бірі туындайтын алты өзара байланысқан  басқарушылық процестердің динамикалық жиыны ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, тұрақты кері байланыс та бар.

Бизнес жоспарлау  процесі төмендегілерді қамтиды:

  • Кәсіпорын, ұйымның миссиясын анықтау;
  • Кәсіпорын, ұйымның қызмет ету мәселелері мен мақсаттарын анықтау;
  • Сыртқы ортаны бағалап, талдау;
  • Ішкі құрылымды бағалау және талдау;
  • Стратегиялық баламаларды өңдеу және талдау;
  • Стратегияны таңдау.

Бизнес жоспарды басқару процесі, сондай-ақ мыналарды  қамтиды (жоспарлаудан басқа):

  • орындалуын бағалау және бизнес жоспарды жүзеге асыру;
  • бақылау.

Суретте бизнес-жоспарды басқару процесінің сызбасы ұсынылған.

Суреттен көрініп  тұрғандай, бизнес жоспарлау стратегиялық басқарудың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды басқару кейде «бизнес жоспарлау» терминінің синонимі ретінде қарастырылады. Алайда, бұл олай емес. Бизнес-жоспарды басқару бизнес жоспарлаудан басқа шешімдерді жүзеге асыру механизмін қамтиды.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Бүгінгі тақырыпта  біз бизнес-жоспарлау жайында  жалпылама біраз мәлімет жинап, бизнес жоспарлаудың басқа жоспарлау түрлерінен немен және қалай ерекшеленетінін оқып үйрендік. Сонымен қатар біз Бизне-жоспар деген не? Ол қалай жасалады? Оның құрылымы қандай болады? Және басқа жоспарлардан немен ерекшеленеді деген сұрақтарға жауап алдық. Келесідей ақпараттарды иелендік:

Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтық ұйымдастыру үлгісіндегі кәсілкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында субъектілердің пайда табуға бағытталған экономикалық қызметін бизнес дейтін болсақ, субъектілердің (кәсіпорындардың) өндіріс немесе қызмет көрсетулер бойынша мақсаттары мен табысқа жету жолдарын айқындау бизнес-жоспар деп аталады.

Бизнес-жоспар өдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет:

Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, сөйтіп тиімді бағыт таңдауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы болып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «Нені, кім үшін өндіру қажет» деген сұраққа жауап табады.

      Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті қаражат кәсіпкерде барлық уақытта бола бермейді. Әріптестерін қызықтыру үшін, керекті несиені алу үшін немесе инвесторларды тарту үшін - оларға толық бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Ал, іскер әріптес қашанда болашақта шынайы негізделген нақты есепті талап етеді.

Бизнес-жоспар құру жұмысының негізгі бөлігін  мекеме басшысы немесе жаңа іс бастағалы отырған адам алуы керек. Біраң олар бизнес-жоспар үшін міндетті түрде қажетті салалар бойынша мамандар шақырып, олардың пікірлері мен бағалауларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ өз қарамағындағыларын да қатыстыруы қажет.

Шаруашылық салаларының ерекшеліктеріне байланысты және нақты жағдайларға қарай (өндіріс көлемі, өнім және қызмет түрлері) жоспардың құрамы мен құрылымында айырмашылықтар болуы мүмкін, бірақ мазмұны біртектес болуы керек екеніне көз жеткіздік.

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі:

 

 

 Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

    • Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
    • Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 23-33 бб
    • Әмірқанов Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті.Оқу құралы. – Алматы:2002. – 187-190 бб
    • Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: экономика, 2003. – 158-166 бб 
    • Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001. – 291-305 бб
    • http://www.bauka.kz/index.php/2011-08-20-05-59-56/2011-08-21-04-18-43/555-2010-10-13-14-04-09
    • http://referat.resurs.kz/ref/kasiporindagi-biznes-zhosparlau  
    • Молдахметова М.Н. «Инвестициялық стратегия механизмін реттеу» АльПари, №4-5 1999. – 70-73 бб 
    • Бочаров В.В. Методы финансирования инвестиционной деятелности предприятий. – М.: Финансы и статистика, 1998. – 64-67 бб

stud24.ru

бизнес жоспарлау

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің

Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университеті

Бақылау жұмысы

Пәні: Бизнес жоспарлау

Тақырыбы: Өнімнің өмір сүру циклі

Орындаған: Нсанова Л.М

Тобы: ҚР-17/6 к/о

Тексерген: Аленов С.С

Ақтау, 2018жыл

Жоспар:

Кіріспе......................................................................................................................3

Өнімнің өмір сүру циклі.........................................................................................4

Қорытынды..........................................................................................................21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................22

Кіріспе

Өзгеріс бар жерде даму, ілгерілеу де бар. Олай болса, тауардың өзіндік ерекшеліктері ретіндегі өмірлік циклі — онық физикалық қасиеттерімен қатар, ең алдымен нарықтық айналымға қатысқан мерзіміне сәйкес қарастырылады. Ал тауардың айналымдағы уақытының ұзақтығы: оның сапасына, бағасына, оған қажеттіліктіқ дайындық дәрежесіне, жалпы сұраныстың көлеміне, нарықтық конъюнктураның қалпына байланысты және бұл қайбірде тауардың өз қасиетінен алшақтау — жалпы конъюнктуралық жағдайдың нәтижесі болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан белгілі бір тауардың нарық айналымындағы әрекет ететін уакыты әр түрлі деңгейде байқалатынын күтпеген окиға деп санаудың орны жок,

Тауардың өндірілуінен бастап, оның дайын күйінде тұтынушысына ұсынылуына дейікті циклі бес кезенңге бөлінеді. Алғашқы (нөлдік) кезең. Болашақ тауар жөніндегі идея дүниеге келіп, бұл бастаманың жүзеге асуын мақұлдау, қабылдау және қажет саналса, сол өндірілетін тауарды тәжірибе арқылы сынау процестері қолға алынады. Міне, тап осы сынақтан сүрінбей өткен тауар ғана оған деген мұқтаждықты тудыра алады. Сөйтіп, оның тауарлық бәсекеге төзімділігіне сенім оянады да, ақырында сол тауарды ендіру процесі басталатын болады.

Өнімнің өмір сүру циклі

Өндіріс — тауардың дүниеге келуіндегі бірінші әрі шешуші кезеңі, осы кезеңде келешектегі тауар өтімдігінің сәтті немесе сәтсіз болуы анықталады. Енді дайын тауарды зерттеуге, өндіруге, жарнамалауға және өткізу жағын ұйымдастыруға жұмсалған алғашқы шығындардың орнын толтыру үшін тауар сатыла бастайды. Бірақ бұдан бастапқы кезде бәлендей пайда, табыс түсе қоймағанымен, тауар өндіру жалғаса береді яғни ол өзінің келесі кезеңіне көшеді деген сөз.

Бұл тауардың өсу және даму кезеңі деп аталады. Ол кезеңде әр ұсынылған тауарлар тұтынушылардың ойынан шығып, жоғары бағалануы мүмкін. Міне, сонда ғана сатылымнан түскен табыс арта түсіп, өндіріс шығындарын жабумен қатар, біршама пайда түсіретін болады. Бұл — тауар дамуының ушінші кезеңіне бет алғанының нышаны.

Тауар бұл кезеңде өзініқ жоғары деңгейіне жетіп сандық және сапалық  жағынан жетіле түсіп, тұрақты пайда алуға қол жеткізеді. Іскер де сергек кәсіпкер тап осы кезеңде өз тауарын одан әрмен  жарнамалау жолдарын  қарастыра отырып, оны өткізуді ынталандыруға күш салады. Нарық конъюнктурасының өзгерістерін де үнемі қадағалаудан қол үзбейді. Өйткені бәсеке жағдайындағы тауар өткізу процесі қашанда «қауіп-қатерге» толы және онық жалғасуына күтпеген оқиғалар кедергі келтіріп, тауардың нарықтан тыс қалуы да мүмкін.

Әйтсе де объективтік зандылық бойынша, көп ретте жақа оқиға — ескі тәртіптің қойнауында пайда болады. Сол себепті «тауар өлеміндегі» өзгерістің көрініс беруі кездейсоқ оқиғаның нәтижесі емес, оның да әлдебір нышандарын алдына ала ақғару шындыққа жуықтайды. Міне, осындай кезде кәсіпкердің тапқырлығы мен болжампаздығы ауадай қажет. Сол үшін де ол конъюнктураның кернеу көзге өзгеруі өз тауарын ығыстырмай қоймайтынына көзі жеткен тұста-ақ өндірістегі тауар жаңартудың бұрынғы тәртіптерін қайта қарастыра бастайды. Мұны дәлірек айтқанда, өндірілген тауар өзінің жетілу дәрежесіне жеткен тұста, келесі өндірілетін тауардың үлгісі тауардың әмірлік циклінің алғашқы кезеңдеріне ендірілген немесе соған әзір түру кездейсоқтықка жол бермеудің және сонық алдын-алудың дер кезінде жүргізілген сәтті шарасы болып есептеледі. Ондай дайындықсыз, яғни тауар келешегін күні бұрын болжамай тауар өндірісіндегі сәттілікке қол жеткізу қиын. Бұл, біріншіден қатардан шығып қалған тауардың орнын жаңа тауармен толықтыру қажет және осы жаңа тауардың өзі жоғарыда келтірілген тауардың өмірлік циклдерінің үш бірдей кезеңінен «сүрінбей» өтуі тиіс. Ал бұған біршама уақыт қажет. Екіншіден, жаңа өндірілген тауар бірінші кезеңінің сынағында-ақ сәтсіздікке ұрынуы, соның салдарынан даму, жетілу кезеңіне жете алмай, тауар өндіруші нарықтағы әз сегментінен айырылып қалуы мүмкін. Әрине, мұның ақыры — күйреу деген сөз. Мұны болдырмаудың жолы қаржы-қаражатқа байланысты деген пікірдің жаны бар. Расында, тауар өзінің даму-жетілу деңгейінде, нарық айналымында тұрған — өмірлік цикліне жоғары пайданы қамтамасыз ете алады, міне, соның есебінен тауарды жаңарту және жетілдіру мақсатымен өндірістегі инновациялық шараларды толық жүзеге асыруға жағдай жасалады.

Тауардың өмірлік циклінің  төртінші кезеңінде нарықта тауардың өтуі біртіндеп немесе кенет қыскдрады. Мұнық себептері әр түрлі Жалпы алғанда, басты себсп сұраныстық жеткілікті қанағаттандырылуы деуге болады. Бұған қоса, тауар өндірісі  технологиясының    ескіруі,    көптен    бері    өзгермеген  тауарлардың тұтынушыларды жалықтыруы, кейбір тауарларға деген қажеттіліктің мәні жойылып кетуі немесе оның орнын соған басқа ұқсас тауарлар алмастыруы т.б. тәрізді себептер де әсер етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, мұның бәрі де нарықтағы тауар қозғалысының тұтынушылардың сұраныс қарқынынан қалып қоюының, ал тереңдей қарасақ, тауар өндірушілердің нарықта белгі беріп келе жатқан сәйкессіздікке мән бермеуінің немесе одан бейхабар болуының нәтижесі. Бұл жағдайдағы аса ұтымды шешім — нарықка жаңа тауар ұсыну арқылы нарық айналымына қосылу болып табылады және ондай тауарлардың нарық сегментінде өмірлік циклі ұзақ уақытқа созылатыны сөзсіз.

Тауар қолдануда әрбір дәуір өз жаңалығын бірге ала келіп, айналымдағы тауардың өмірлік цикліне елеулі өзгеріс ендіріп отырады. Материалдық игіліктерді тұтынудағы ерекше шарықтау кезеңі, әсіресе, үстіміздегі ғасырдың екінші жартысынан бастап, жалғасын табуда. Электрондық есептеу машинасы кез келген адамның үйреншікті құралына айналып, күнделікті тұрмысқа компьютердің небір жақа түрлері енуде. Адамзат қоғамынық қазіргі өркениетті дамуы ғарыш ғажайыптарының сырына үнделуде…

Тауардың өмірлік циклі және оның кезеңдері тауар атаулының бәріне бірдей қатысты емес. Олардың ерекшеліктеріне және қолданатын елдері мен аймақтардың технологиялық, экономикалық және мәдени даму дәрежелерімен бірге, әрбір тауардың тұтынылатын жерінің экономикасында алатын орнына сәйкес тауардың өмірлік циклі мен кезеңдері де әр турлі болады. Мысалы, өндіріс процестерінде қолданатын тауарлар мен көпшілік қолды тауарлардың сол тауарлардың өзінің әр қайсысының жоғары дамыған елдер мен дамуға бет алған елдерде қолдануларына қарай өзіндік өмірлік цикл кезеңдеріне құралып отырады.         Тауарлардың өмірлік цикліне тұтынатын жеріндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүр тағы да басқа ұлттық өзгешеліктер әсерін тигізеді. Әдетте тауар неғұрлым көбірек қолданылатыи жерде оның нарық айналымындағы өмірлік циклі онша ұзаққа созыла қоймайды

Тауардың өмірлік циклі бірнеше кезеңдерге бөлінуі мүмкін. Егер шикізатты алғашқы тауар ретінде алсақ, оның өмірлік циклі мынадай екі кезеңге бөлінеді: 1) тауар өндірілген кезден бастап, тұтынушыға сатылғанға дейінгі кезеңі;

2) өндіріс процесі барысында қолданысқа түсіп, соңынан дайын өнім құрамын шыққанға дейінгі кезең; яғни оның бұл жердегі өмірлік циклі өндіріс кезеңімен тең болады.

Көпшілік қолды тауарлардың өмірлік циклінде, әсіресе, оның нарықтағы кезеңінде алдын ала болжауға келмейтін жағдайлар қалыптасуы мүмкін. Шындығында, қандай бір тауар түрін өндіруші болсын, ол өз тауарының нарықта ұзақ уақыт тұрақтап қалуын тілейді. Өйткені тап осы жағдайға байланысты ғана тауар иесіне тұрақты пайда түсіп отырады. Ал тауардың пайдалы болуы онық нарықтағы айналымы жылдам әрі көлемді болуы дегенді білдіреді. Тауардың нарықта тұрақтай алуы — сегментті-сұранысты жоғалтпауға тырысу немесе соны ұзағырақ ұстап тұру мақсатын көздесе, тауардың айналым мезгілі мен көлемі- сол сегментті кеңейту, яғни нарыққа тереңірек және кеңінен ену мағынасын береді. Тауар өндірушінің ынта-ықыласы оның жеке бастық ізгі ниеті ретінде көрінеді. Бірақ бұл ұмтылыстың, нақты жүзеге асуы сол нарыққа таласушы басқа да бәсекелестердің іс-әрекеті мен мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болады. Сонымен тауардың нарықтағы және айналымдағы өмірлік циклі тауар өндірушінің жеке бастық ынта-ықыласы мен мүмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар нарықтық ортадағы басқа да үміткерлердің ұмтылыстарына тәуелді болады.

Тауардың өмірлік циклінің құрамындағы тағы бір ерекше кезеңі — өндіріс процесінен өткен дайын өнімнің нарыққа жеткенге дейінгі уақыты. Нарық айналымындағы жағдай тәрізді мұнда да тауар өндіруші аталған мерзімнің қысқа болғанын қалап, арі тауар билігі әзірге өз қолында тұрған соң оны нарыққа жылдамырақ жөнелтуге күш салатын болады.

Бәсекелік күрес және тұтынушынық тауар таңдау мен тауарды сатып алудағы шешуші факторлардың бірі — тауар қолданысының өмірлік кезеңі, яғни тауардың тұтыну төзімділігі Тауардың бұл қасиеті тұтьшушы мүддесіне жақын келетіндіктен, ол бұған айырықша мән береді және тауардың өзіне ұзақ қызмет етуін қалағандықтан, оның бағасы жөнінде саудаласып жатуға ыңғай көрсетпейді. Тұтынушының мұндай көзқарасы тауар өндіруге деген ынта-ықыласты арттыра түседі.

Осы орайда тауардың өмірлік циклі мен ғылыми-техникалық жетістіктердің қарама-қайшылығына айырықша назар аударған жөн. Бүгінгі таңдағы технологилық дамуы тауар өндіруді ұлғайту және жетілдіруге көмегін тигізе отырып,соныңнәтижесінде  тауардың  нарықтағы  тұрақтылығы   неғұрлым  қысқартады да, онын, моральдық тұрғыдан ескіруін тездетеді. Сондықтан тауар өндіруге қатысты технология жетістіктерінің пайдалылығы немесе зияндылығы жөнінде кесіп айту қиын. Шындығында, бәсекенің қатал тәртібі жағдайында тауар өндірушілердің нарықтағы өзгерістерге ілесе алмай, одан шеттеп қалуы мүмкін. Өйткені қай деңгейде болсын, өндірістің аты өндіріс, оның процесін және кәсіп бағдарын жаңа бағытқа немесе жаңа тауарға сәйкес қайта құру немесе бейімдеу оңай шаруа болмайды. Сонымен қатар ол әжептәуір шығын жұмсауды қажет етеді. Жаңа идеяны нақты тауарға айналдырып, оны тауардың өмірлік циклі деңгейіне дейін көтеру оңай шаруа емес. Немесе сол тауар нарыкқа жетпей жатып және жеткен күннің өзінде оған сұраныстың жоқтығынан, моральдық тұрғадан ескіріп қалатын жағдай да кездеседі. Ал тауар бәсекесіне төзімділікті сақтау мақсатымен алдын ала өндірілуге тиіс тауарлардың бірнеше үлгілерін тауар өмірінің алғашқы немесе ортаңғы циклдеріне қор есебінде ұстап тұруға, не болмаса нарыққа енген тауарға одан тыс қалмау үшін үздіксіз жаңа қасиеттер енгізу мен сапасын жоғарылатута, сатудан соңғы қызмет көрсету жағын кеңейтуге, қосымша сегмент іздестіру мақсатында жарнаманы күшейту шараларын іске асыруға, тіпті тауар бағасын төмендетуге дейін барады.

Нарықтағы тауардың жиі өзгеріп тұруы жалпы жетілудің нышаны деп түсінудің жансақ жақтары да жоқ емес. Соның бірі — тауардың өмірлік циклінің қысқаруына байланысты тауарлар мен шикізаттың еріксіз пайда болатын үлкен қоры. Бұл тауардың өмірлік циклінің әр кезеңінде нарықка қосылмай қалған тауарлар мен арнайы тауарлар өндірісінде қолданылмай қалған шиккізаттардан құралады. Бұл қор, тауар ендірушілердің айналым капиталын қозғалыссыз ұстап отыруы салдарынан, олардың шаруашылық әрекеттеріне көп жағынан нұқсан келтіреді. Ондай қорлардың өсуі нарықтағы тауар айналымы бәсеңдеуінің, тауардың өмірлік циклінің соңғы кезеңіндегі өндіріс куаттарын жүктеудің, осалдауының нәтижесі болып табылады.

Тауар өндірудің өзекті міндеті — тауарды нарықта тұрақтату және оның нарықтан шығып қалуына жол бермеу. Ол үшін қолдағы мүмкіндікті толық пайдалану керек. Өйткені тауардың нарықтағы өмірлік циклінің қысқаруы тек ғылыми-техникалық жетістіктердің арқасында ғана емес, сол жетістіктерді дер кезінде колдана біліп, жаңа үлгідегі тауар өндіру мен    нарықтағы    бәсекені    күшейтудің    жемісі де. Маркетингтік   көзқарас   бойынша,   мұндай   жағдайда  уакыт ағымына ілесе білген және тапқырлықпен жұмыс істеген кәсіпкер ғана әрдайым ұтыста болады. Нарыққа жаңа тауар түрін енгізген өндіріс өз бәсекелестері осындай дәрежедегі тауарға қол жеткізгенге дейін монополдық жоғары бағамен сатуға мүмкіндік алады. Соның есебінен қаржы жағдайын да нығайта түсіп, сол бағытта келесі бір жаңа тауарды игере отырып, нарықтағы өз үлесінін өсуінің арқасында бәсекелестер арасында мерейі үстем болады.  Әйтсе  де  фирма  немесе  монополия  қанша  жерден құдіретті болғанымен, нарықта нақтылы тауар топтарымен ғана үстемділікке ие болып, өзінен басқа да тауар номенклатурасындағы же

етекші кәсіпкерлермен бірлесе әрекет етеді. Басқаша айтқанда, нарық шеңберінде тауар топтары немесе түрлері бойынша жетекші фирмалар мен монополистер дүниеге келіп, олар тауар бағасын құрауда бәсеке тағдырын анықтауда шешуі рөлге ие болуы мүмкін.

Тауардың   өмірлік   циклінің   әрбір   сатысы   өзіне   тән көрсеткіштерімен ерекшенеледі.  Тауардың нарыққа қосылуынын алғашқы сатыларында  оны  өндіру шағындау  және  орташа көлемде    болғандықтан,    өндіріс    қуатының  толық іске қосылмауынан, оның қажеттілігі шамалыдай көрінуі мүмкін. Жаңа тауардың өндіріс технологиясының тиісінше жарақталмауына    байланысты    өзіндік    құны    жоғарылап, алғашқы кезеңде одан келетін пайда біршама аз болады. Нарықта жаңа тауардың өтімді болуында оның конструктуралық пішімі, дизайны (тауар, бұйымдардың, т. б. тауар түрлерін көркемдеу), тұтыну қасиеті мен сапасы және тауар алушылармен кері, яғни екі жақтың байланыс орнату зор маңызға ие. Бұл жағдайда нарықта қасиеттері ұқсас көптеген тауарлар айналымда болады. Бірақ та бір фирма қолға алған тауарды қалғаны өндірмейді. Мұндайда нарықта жаңа тауар жасаған фирма мығым болады. Мұндай тауарларды сату көлемі алғашқыда шамалы болатыны рас, бірақ жаңа тауардың нарыққа түсе бастаған кезінде оның бәсекелесі мүлде жоқ дерлік.

Тауардың жаңа әрі теңдесі жоқ болуына байланысты оның өмірлік циклінің бұл кезеңінде баға, әдетте жоғары деңгейде қойылады да, стратегиялық жағдайларға қарай ол төмендетілуі де мүмкін. Сонымен қатар, тауардың жаңадан өндіріле бастауы себепті пайда құрала қоймауы немесе оның мүлде аз болуынан өндіріс әуелгі кезде зиян шегетін болады.

Тұтынушылардың жаңа тауарға бірден үйіріне қоймайтын кездері жиі кездеседі. Өйткені оларға тауар жөнінде сенімді хабар жете қоймайды да, сұраныс тек тұтынушылардың бір бөлігімен ғана шектеледі. Бұл жағдайда едәуір қаражат жұмсай отырып, жаңа тауарды жарнамалау жағына күш салған жөн. Соның нәтижесінде жаңа тауар үшін арнайы қозғалыс бағыттары жасалынады да, сұраныстың өсуіне қарай, басқа да шаралар қолданылады.

Жаңа тауар өндіру маркетинг концепциясының маңызды тақырыптарының бірі. Сол үшін де маркетингтің басты міндеттері: нарықта жаңа тауардың пайда болуына жауап ретінде онын, бәсекелестері ұстанатын позицияларының болуы мүмкін нұсқаларын жасау жаңа тауардың нарыққа енуінің ең оқтайлы көздерін анықтау, нарықта қалыптасқан тұтыну кұрамдарын жаңа тауарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету, тағы да басқа қажетті шараларды іске асыруды кешенді түрде қарастыру болып табылады. Міне, осының бәрі жедел атқарылуы тиіс шаралар ретінде маркетингтік бағдарлама құрамына еніп, күн тәртібіне қойылады.

Жаңа тауарды өндіріске ендіруден гөрі, оның келесі өсу сатысы қай жағынан болсын, маңызды келеді. Сол тұста тауарды ірі көлемде сериялық өндіру әрекеті  қолға алынып, өндіріс қуаттары толығымен іске қосылған күннің өзінде оның аздық ететіні  айқын сезіледі. Тауардың өмірлік циклінің тап осы сатысында тауар жеткілікті дайындалуы себепті оның сапасы жоғарылаумен қатар, сатылу көлемі мен қарқыны да жоғары деңгейге жетеді.   Бұл  кезде бәсекелестердің саны көбейіп, олардың нарықтағы өзара күресі шиеленісе бастағанымен, тауар сапасының жоғары болуы жағдайында ол бәлендей қауіп-қатер тудыра қоймайды.

Сөйтіп тауардың сатып алу ауқымы кеңейе келе, оның нарықтағы   беделі   өсіп,   тұтынушылар  оның,   сапасының   әр түрлілігіне онша көңіл аудармай, ала береді. Тауарды бөлу жаппай тауар өткізу жүйелері бойынша жүргізіліп жатады да, оның  қозғалысы   күннен-күнге  жеделдеп,  көлемі  өсе  түседі Осылайша,   тауар   бағасы   өзінің   жеткілікті   деп   танылған деңгейіне жетіп, тауардың өндіріске жаңадан енген кезінен біршама төмендеу болады. Өндіріс жоғары бағаның есебінен елеулі пайда түсіре отырып, оның мөлшері өсу сатысының соңына қарай ең жоғары деңгейге жетеді.

Тауардың өмірлік циклінің алғашқы кезеңінде оны жарнамалауға жұмсалатын қаржы қомақты болады. Бірақ тауар дамуының келесі кезеңдеріндегі жарнамалауға жұмсалатын қаржы көлемі азая түседі және бұл жарнамалардың мазмұны: тауардың кұндылығы мен қасиеттеріне, оның нарықта алатын жетекші орнына, саудалық таңбасына, бәсеке жағдайындағы беделіне ерекше көңіл аударуға қарай ойысады. Міне, жарнамалаудың осы үлгідегі әрекеті тауар саудасында аса маңызды рөл атқарады.

Осы    орайда    маркетингтік    қызметтен:   тауар   түрлерін жетілдіру мен сапасын жоғарылату есебінен тікелей бәсекеден құтылу, тауарға ең жақсы сұраныс іздестіру және оның көлемін өсіру жолдарын қарастыру, тұтынушылардың қажеттеріне сай тауар өндіруді қамтамасыз ету, тауар өткізуді ынталандыруды жоғары деңгейге көтеру, тауар бағасының құралу жүйесі мен факторларын жетілдіру және баға деңгейін тутынушылардың төлеу қабілетіне жақындату проблемаларын шешу талап етіледі.

Тауардың   өмірлік   циклінің   жетілу   кезеңі   —   өндіріс қуатының  жетіп-артуымен   және   тұрақты,  толық жасалған технологияны қолданумен, тауарлардың ірі-ірі топтарын бөліп шығарумен,   өндірілетін   тауардың  түр-түрін   көбейтуге   мол қаражат (ақша) жұмсаумен тікелей байланысты болады. Бұл жағдайда  өндірілетін  тауар  көз  тартатын  және дәріптеуге мұқтажы жоқ сапасымен ерекшеленеді және тұтынушылардың сұранысын толық  қанағаттандыру   мақсатында   сан   алуан үлгілер мен нұсқаларда ұсынылады. Соған сәйкес сауда-саттық ісі де біртіндеп, ал бара-бара қарқынды дамуға ұласады. Бұл кезде   басқа   да   көптеген   фирмалар  осындай  тауарлармен нарыққа шыға бастайды. Сөйтіп, тұтынушыларға әуел бастағы шынайы    тауарға   қоса,   оның   үлгісінен   алынған    өзіндік ерекшеліктері бар жасанды тауарларды    ұсынып, тұтынушы мүддесіне   үйлеспейтін   баға   бәсекелері,   кертартпа   бәсекелер пайда бола бастайды. Соның салдарынан баға шешуші факторға айналып, баға құрамы мен бәсекелесуші фирмалардың арасында нарықтағы үлестерін бөлісу     шамалы     деңгейде  ғана тұрақталынып, пайда азаяды. Тауар сұранысы жалпылама және стандарттық түрге айналады.    Жалпы нарық тауармен толықтырылу дәрежесіне жетеді. Тауарларды қайталап және дүркін-дүркін   сатып   алу  байқалады,   соған  байланысты тұтынушы үшін бірнеше фирмалық сауда тақбалары бойынша өзіне қалаған тауарын алудың, мол мүмкіндігі туады.

Жарнама тауар алушыларды жаппай тартуға баса назар аударып, бұл іске халық жұртшылықтың неғұрлым көбірек бөлігін жұмылдыру қарқынын жеделдете түсетін болады.

Тауардың өмірлік циклінің жетілу кезеңіндегі маркетингтің басты мі ндеті — тауардың өмірлік циклін неғұрлым ұзарта түсуге байланысты шараларды іске асыру болып есептеледі.

Бұларға: тауардың жаңа үлгілері  мен жаңа тұтынатын салаларын және тұтынушыларын (нарықтарды, сегменттерді) табу, нарықты тереңінен сегменттеу және шетел сегменттерін іздестіру, тауар түрлерін нақты бөлшектерге жіктеп (топтап) бөлу, тауарды пайдаланудың   әр   түрлі   әдістерін   іздестіру, тұтынушылардың   жаңа   топтарын   тарту   есебінен   нарықты кеңейте түсу, тауарды жиі қолданатын тұтынушыларды қолдау және материалдың ынталандыру т.б. жатады. Бұл жағдайда аталған    шаралардың    айырықша   маңызға   ие   болуының себептерін   былайша   түсіндірген   жөн.   Тауар   өзінің  жетілу барысында      бірнеше      рет      нарық     процестерінен      өтіп,  тұтынушыларды мезі  етеді. Сол себептен тауарды сапалық, тартымдылқ   жағынан   түрлендіріп   отырмаса,   қасиетін арттыру арқылы оның «өмірін өзарта» түсу қарастырылмаған күнде мұндай тауарға нарықтан «аласталыну» каупі төнеді.

Нарықтық  тауарлармен  толықтырылуы  кезеңі тауардың жетілу сатысының жалғасына айналып, онда сауда-саттық пен алынатын пайда мөлшері азаяды. Ал жаңашылдар (новаторлар) ескінің  орнын  басатын  жаңа  тауарлар  қарастырған  тұста, «керітартпа тұтынушылар» сұраныс негізін құрап үлгереді де, тауар өндіруші өз тауарын одан әрі жетілдіре түсуге ұмтылады және оның жаңа тұтыну аймақтарын іздестіре бастайды. Сөйтіп, кәсіпкерлік әрекеттің нәтижелік дәрежесін конъюнктураның әсері күшейтетін болады. Ақырында бағаның тұрақсыздануы байқалып,  ол   көтерілген   сайын   сұраныс   икемділігі   артып, төмендеген   тұста,   сұраныс   икемділігі   әлсірей   береді.   Бұл жағдайда бәсекелік күрестің негізгі күші нарықтағы өз үлесін қалайда сақтап қалуға жұмсалады.

Тауардың өмірлік циклінің ерекше сатысына оның бәсекеңдеу кезеңі жатады. Өйткені оның қойнауында (негізінде) өмірлік циклдің бастапқы сатысы-тауарды ендіру кезеңі пайда болады. Мұнда өндіріс қуатының едәуір артықтығы белгі беріп, тауар сапасы тұрақсызданады. Тауар сату көлемі төмендейді. Тауар өндіруші бәсекелік күрестен шыға бастайды, яғни оның тауары бойынша бәсеке азаяды, тауардың бағалары төмендеп (бірақ олар осы кезеңнің аяғында көтерілуі мүмкін), пайда кенеттен қысқарады да, тауарлар кәсіпорын үшін зиянға сатылады. Тауар алушылар тәжірибелі және тауар жағдайын жақсы білетіндіктен, тауар қозғалу жүйесінің, тек қана кейбір бөлігі пайдалынатын болады. Бұл тұста жарнамалауға арналған қаржы қоры да азайған. Демек, маркетингтік шараларды жүзеге асыру үшін жұмсалатын қаражат та жеткіліксіз деген сөз. Сонымен осы аталған себептердің нәтижесінде нарықтағы тауарды сатуды жалғастырудың ешқандай мәні қалмай, ол біртіндеп жаңа тауармен алмастырыла бастайды.

Тауардың өмірлік циклінің осы соңғы кезеңіне байланысты тығырықтан шығудың үш мүмкіндігі бар екенін ескерте кетелік: 1) жарнаманы күшейте түсу, тауардың сапасы мен тұтыным қасиеттерін жетілдіре түсу, баға саясатын ретке келтіру; 2) сенімді де адал тұтынушыларды тарту, өндіріс пен тауар өткізу шығындарын шұғыл қысқарту, пайданы аз алу арқылы тауардың нарықтан кету уакытын ұзарта түсу; 3) нарықтағы айналымы шамалы әрі нашар өтетін таурларды нарықтан мүлде аластау арқылы қалғандарының есебінен жағдайды ұстап тұру мүмкіндігін қарастыру.

Тауардың өмірлік циклі оның нарықта тұрақтануы, айналымда болуы. өндірістен нарыққа жету аралығындағы кезеңдерден және оны алғаннан кейінгі қолдану төзімділігінен құралады. Бірақ та бұған дейін қарастырылған тақырыптар тауардың нарықта тұрақтануы мәселесі төңірегінде ғана сипатталған еді Ал тауардың нарықтағы кезеңі оның айналымда болуын да қамтиды деумен шектелу аздық етеді. Шындығында, тауардың қайтарымдылық яғни пайдалылық дәрежесі оның нарықта болу мезгіліндегі айналым жылдамдығына байланысты екенін есепке алған жөн. Екінші бір мәселе —тауардың өндіріс процесінен шығып, нарыққа жетуі арасындағы уақыттың да өз есебі бар, өйткені бұл да тауар айналымына жатады. Егер тауарды пайдалану мерзіміне келсек, онда ол — тұтынушының тауар алу жөнінде шешім қабылдауының негізгі себептерінің бірі. Өйткені тауардың нарықта тұрақтауы мен тұтынушыларды өзіне тартуы соған байланысты болады. Сөйтіп, тауардың тұтыуда ұзақ қызмет ету қабілетіне кәміл сенген тауар алушы оның сапасына аса көңіл бөле бермейді.

Тап осы тұстағы маркетинг қызметінің басты міндеті — тауардың  өмірлік   циклін  тұтынушылар  сұранысына  сәйкес орынды және толық қанағаттандыруға, тауар өндіруші жұмысының ұтымдылығы мен пайдалылық дәрежесін көтеруді іскерлікпен пайдалана білуге саяды.

Қорыта айтқанда, өмірлік цикл тұрғысынан қарағандағы тауар тағдыры: 1) тауардың жеке қасиетіне тікелей қатысы және экономикалық, технологиялық және мәдени даму деңгейіне және соған сәйкес тауар молшылығына, нарықиағы бәсекелік күрестің дәрежесіне; 2) тауар сапасы, қасиеті, өндірілу мерзімі, ортасы және соған сәйкес қолдану өзгешеліктеріне байланысты шешіледі.

Қоғамның даму деңгейі қаншалықты жоғары болса, тауар түрлерінің өзгеруі де соншалықты жеделдей түседі. Ал тауар өндіру жағынан мұндай қарқынға ілесе алу үшін жоғары жабдықталған өндіріс пен икемді технология қажет. Өйтпеген жағдайда тауардың моральдік тұрғыдан ескіру мерзімі тездеп, оның өмірлік циклі қысқаратын болады. Тауар қасиетіне сәйкес өмірлік циклінің өзгеруі оның өндірілуінің маусымдылығына және қолданудағы физикалық төзімділігіне немесе мұқтаждық түріне байланысты. Сол себепті олар: күнделікті сұраныс, алдын ала таңдап алу мумкіндігі  бар ерекше сұраныс, сондай-ақ, енжар сұраныс деп аталатын сұраныс түрлеріне бөлінеді.

Күнделікті тұтынатын тауарлар құны онша жоғары болмауы себепті ол әдетте сатып алу кезінде «ойланып-толғанып, талдап-талғап жатуды талап етпейді және қолдануына қарай жиі-жиі алынатын болады. Бұлардың. құрамына: негізгі тұрақты тұтынатын, құлшына сатып алынатын және кейбір кездейсоқ оқиғалар үшін арналып алынатын тауар түрлері кіреді. Негізгі, күнделікті сұраныстағы тауарлар үнемі сатылып тұрады, ал жаппай сатып алынатын тауарлар үшін ешқандай алдын-ала жоспарлау немесе оларды іздестірудің қажеті жок. Қажет кезінде кез-келген жерден алына береді. Ал ойда жоқ жерден төтенше оқиғаға тап болған тұста — аса мұқтаждық танытқан тауарлар тез сатылады. Мұндай тауарлар кез-келген уақытта немесе күтпеген жерден қажет бола қалатындықтан, аз көлемде болса да, көптеген сауда орындарына таралған болады. Осылайша күнделікті тауардың айналымы тез болғанымен, үнемі қажеттілігінен нарықта көп өмір суреді.

Адын-ала ойланып таңдайтын тауарларды сатып алуда асығыстық жоқ. Өйткені оның сапасы, жарамдылығы, бағасы, сыртқы тартымдылығы тексеріліп барып, соған ұқсас өзге де тауарлармен   салыстырылу   нәтижесінде   оны   алуға   шешім қабылданады. Мұндай тауар түрлері, әдетте, қымбат бағалы болады да, айналымы баяу және нарықтық өмірі жиі өзгермейтін топтарға жатады. Бұл тауарлар қосымша белгілері бойынша бір-біріне ұқсас және ұқсамайтын түрлерге бөлінеді. Ұқсастарының сапасы бірдей дерлік, бірақ өзара салыстырғанда бағаларының аздаған айырмашылығы болуы мүмкін. Және бағандағы болмашы өзгешеліктер ондай тауарларды сатып алуға бәлендей кедергі келтіре алмайды. Ал бір-біріне ұқсамайтын тауарларға келсек, ең әуелі олардың, қасиеттері тұтынушылар үшін шешуші мағынаға ие болуы мүмкін, сол себепті тұтынушы өзі қалаған тауарын бағасының айырмашылығына қарамай, сатып ала береді. Сондықтан да өзара ұқсастығы жоқ тауарларды алдын-ала таңдау тәсілімен сату барысында олардың түр-түрін көбейтіп шығару қажет болады.

Сирек кездесетін аса құнды кейбір тауарлар ерекше сұранысқа ие болады. Оларды алу үшін тұтынушылар қосымша күш салуға дайын келеді. Соңғы үлгідегі сәнді киімдер, автомобильдер, үй жиһаздары осындай тауарларға жатады да, бұлардан гөрі, құнды да тартымдылау тауар пайда болғанға дейін нарықта біршама уақыт бойы тұрақтап қалуы мүмкін.

Енжар сұраныстағы тауарлар қатарына сирек қолданатын немесе тіршілікте бәлендей маңызы жоқ, тұтынушылар онша біле бермейтін және білген күннің өзінде айтарлықтай мән беріп, оны сатып алу жөнінде ой келмейтін бұйымдар немесе әр түрлі заттар жатады. Мұндай тауарларды өткізу үшін әдетте дербес сату, жарнамалау тәрізді тәсілдерді қолдануға көп күш салынады. Дербес сатудың нағыз шебер тәсілдері тап осы енжар сұранысты тауарларды өткізуге ұмтылудың нәтижесінде пайда болған.

Тауарларды осы тұрғыдағы топтарға, кластарға немесе түрлерге бөліп қарастыру — меркетингтің ұнамды әдістерінің бірі. Сол арқылы әр түрлі тауарлардың арнаулы өзгешеліктері мен қолдану тәсілдерін таңдап, нарықты сегменттеуді, өндірісті үйлестіруді және сұранысты терең әрі жан-жақты зерттеуді жүзеге асыруға болады. Қайбірде физикалық-химиялық қасиеттеріне сәйкес бір түрлі тауардың өзі бірнеше мұқтаждықтарға қолданылуы мүмкін. Ал, бұған керісінше, көптеген тауарлар бірінің орнын бірі басу қабілетіне ие болуы себепті ортақ қажеттілікке пайдалануы мүмкін. Сондықтан кейбір тауарларды кластарға, топтарға бөлу салыстырмалы түрде ғана сипатталады. Бұл өндіріс процестеріне арналған тауарларға қатысты жайт.

Өндіріс процесінде қолданылатын тауарлар олардың салыстырмалы құндылығына және сол процестерге қатысу дәрежесіне қарай жеке топтарға немесе түрлерге бөлінеді. Өндірістік тауарлар ең алдымен: материал-б өлшектер, негізгі құрал-жабдықтар (күрделі бұйымдар), қосалқы материалдар және қызмет көрсету тәрізді үш топқа бөлінеді.  Материал және бөлшектер өнеркәсіптік бұйымдардың материалдық элементтерін құрап, соған толығымен пайдаланылады да, олар да өз кезегінде мынадай екі топқа: шикізатқа және толық бітпеген (жартылай фабрикат) өнімдер мен бөлшектерге бөлінеді. Мұндай тауарлар сирек жарнамаланады және оны өткізу аса ынталандырылмайды. Сонымен бірге тауар өндірушілер өз өнімдерін тұтынуды көбейту мақсатында оқтын-оқтын насихаттау науқанын өткізіп отырады, ал қажет кезінде өз тауарларын маркалық атаулармен ұсынып отырады.

Табиғи қазба өнімдердің ұсынысы олардың қайталанбауына байланысты аса қажетті мөлшерде болуға тиісті. Көлемі көп болған күннің өзінде, құны төмендігі себепті олардың көпшілігін алысқа тасымалдау тиімсіз, сондықтан таяу тұсқа немесе жақындау жерлерге қолдану қолайлы деп саналады. Ірі тауар өндірушілердің тек аздаған бөлігі ғана өз өнімдерін өнеркәсіптік тұтынушыларға тікелей сатуға тырысады. Кәсіби бағдарлары табиғи байлықты қолдану үшін арнайы мамандандырылған тұтынушыларға оларды жеткізу тек ұзақ мерзімдік келісімдер арқылы ғана іске асырылады. Табиғи өнімдердің өзара ұқсастығының ерекше белгісі — олардың тұтынушыларға жеткізілуін материалдық ынталандыруды шектеп отыруы. Табиғи тауар өндірушілерді (жеткізушілерді) таңдап алудың негізгі фактораларына — олардың сенімділігі мен тауарлық бағасы жатады.

Дайындық дәрежесіне жетпеген (жартылай фабрикат) тауарларды және бөлшектерді шығаруға тиіс дайын өнімдердің құрастыратын сыңарлары немесе оларды іріктеу, жинақтау элементтері есебінде қолданған тиімді. Материалдық сыңарлар, әдетте, әрі қарай өңдеу арқалы дайын өнімдерді шығаруға пайдаланылса, ал жинақтау элементтері (бұйымдары) сол дайын өнімдердің құрамына толығымен және ешбір өзгірессіз тікелей қосылады. Өйткені олар дайын өнімнің тиісті бөлшегі болып табылады. Материалдық сыңарлар мен жинақтау бұйымдарының басым көпшілігі өнеркәсіптік тұтынушыларға тікелей сатылады. Ал оларды жеткізу немесе ондай тауарлардың қажетті көлемі жөніндегі тапсырыстар өндірушілерге бір жыл немесе одан бұрынырақ беріліп отырады. Бұл тұста маркалық тақба-белгілер және жарнамалардың бәлендей маңызы жок. Тек негізгі маркетингтік ой-пікірлер ғана тауар бағасы мен сервистік қызметке қарай қалыптасатын болады.

Өндірістің, тұрақты негізін құрайтын және өндірілетін дайын өнімдерге өз құндарын біртіндеп өткізетін тауарлар күрделі бұйымдар деп аталады. Бұлар: стационарлық құрылыстардан (зауыттар, әкімшіліктік ғимараттардан т.б.) және стационарлық — жабдықтардан (станок, генератор, жүк көтеру механизмдері т.б.) құралып, тауар өндірушілерден тікелей сатып алатын негізгі тауарлар қатарына жатады.

Тауар өндіруші өз тұтынушыларына баса көңіл бөле отырып, олардың тапсырыста көрсетілген талап-тілегіне сәйкес тауар өндіруге, онық жаңа түрлерін ұсынуға және тауар сатылғаннан кейін де соңғы қызмет түрлерін көрсетуге әзір тұруы кажет. Бұл арада жарнама, т. б. шаралардың ішінен, әсіресе, тауарды жеке сату техникасынық маңызы ерекше.

Қосалқы құрал-жабдыктар қозғалыстағы зауыттық және кеңселік құрал-саймандарды камтығанымен, өндіріс процесінде катыспайды. Сол себепті де дайын өнімдердің құнына әсерін тигізбейді және тек өндіріске көмегін тигізумен ғана шектеледі Кейбір косалқы құрал-жабдықтар өндірушілер өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей сатқанымен, олардың негізгі көлемі — тұтынушылардың географиялық тұрғыдан орналасуы шашырандылау және сатып алушылары көп болуына байланысты делдалдар көмегімен сатылады. Мұндай тауарлардың колданудағы өмірлік циклі стационарлық құрал-жабдықтардан қысқалығы себепті жиі жаңартылып отырумен қатар, ұзаққа созылмай сатылып алынады. Бұл тәрізді тауарлардың өндірушілерін таңдап алуда ең алдымен тауардың сапасы, қасиеті және бағасы есепке алынады, оған қоса, тағы да сервистік қызмет көрсетуге баса назар аударылады.

Қосалқы материалдар: жұмыс материалдарына және техникалық қызмет көрсету мен өңдеуде қолданатын материалдарға бөлінеді. Өндіріске арналған тауарларға жататын қосалқы материалдарды, жалпы күнделікті қолданатын тауарлар сияқты, қиналмай-ақ сатып алуға болады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, өмірлік цикл тұрғысынан қарағандағы тауар тағдыры: 1) тауардың жеке қасиетіне тікелей қатысы және экономикалық, технологиялық және мәдени даму деңгейіне және соған сәйкес тауар молшылығына, нарықиағы бәсекелік күрестің дәрежесіне; 2) тауар сапасы, қасиеті, өндірілу мерзімі, ортасы және соған сәйкес қолдану өзгешеліктеріне байланысты шешіледі.

Қоғамның даму деңгейі қаншалықты жоғары болса, тауар түрлерінің өзгеруі де соншалықты жеделдей түседі. Ал тауар өндіру жағынан мұндай қарқынға ілесе алу үшін жоғары жабдықталған өндіріс пен икемді технология қажет. Өйтпеген жағдайда тауардың моральдік тұрғыдан ескіру мерзімі тездеп, оның өмірлік циклі қысқаратын болады. Тауар қасиетіне сәйкес өмірлік циклінің өзгеруі оның өндірілуінің маусымдылығына және қолданудағы физикалық төзімділігіне немесе мұқтаждық түріне байланысты. Сол себепті олар: күнделікті сұраныс, алдын ала таңдап алу мумкіндігі  бар ерекше сұраныс, сондай-ақ, енжар сұраныс деп аталатын сұраныс түрлеріне бөлінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Я. Әубәкіров, «Экономикалық теория негіздері»// Алматы: Эверо, 2005.2. Г. Жолдасова, «Экономикалық теория»// Алматы: Эверо, 20073. С. Әкімбеков, С. Баймұхамедова, «Экономикалық теория»// Астана: 2002. 4. Я. Ә. Әубәкіров, К. Н. Нәрібаев, Е. Б. Жақанбаев, «Экономикалық теория негіздері»5. Б. Мәденов, «Нарықтық экономика теориясына кіріспе»//Алматы: Экономика, 2001

freedocs.xyz

Бизнес жоспар

Кәсіпорындағы бизнес жоспарлау

Бизнес-жоспар дегеніміз не?

Кәсіпорынның бизнес-жоспары– кәсіпорын қызметінің сапасын айқындаушы және оны басқарудағы негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бизнес-жоспарды құру кәсіпорынды басқару сапасын жоғарылатып, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жол береді.

Нарық шарттарында және қатаң бәсекелік күресте кәсіпорын ішкі және сыртқы өзгерістерді есепке алып, тез арада керекті амалдарды қолдануы тиіс. Бұл бірнеше шарттарды орындағанда ғана жүзеге асады:

ü    басқарма және оның инвесторлары қазіргі кездегі қаржылық жағдайды дұрыс бағалап, нарықтағы орнын анықтауы керек;

ü    кәсіпорын жетістікке жетуі үшін өзінің нақты және актуалды мақсаттарына ие болуы тиіс;

ü    мақсат қою барысында менеджмент қарқынды түрде жоспарлауды қолданады және ол қатаң қадағаланып, жоспардың әр пунктінің орындалғанына көзін жеткізуі қажет;

ü    кәсіпорын басқармасы және инвесторлар нарықтағы жағдайды толық түсініп, ішкі және сыртқы процестерді толық зерттеуге алады.

Бизнес-жоспар ішкі және сыртқы мақсаттарға байлансыты

құрылады. Көбінесе, бұл жағдайды біздің елдің компаниялары инвестиция тартар алдында жасайды. Алайда, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана, себебі ол тек қана сыртқы мақсатта ғана емес, ішкі мақсатқа орай да құрылады.

Бизнес-жоспарлаудың ішінде қызығушылық танытып отырған жақтар, яғни салымдарының қарқындылығын бағалау үшін салым жасаған инвестор және кеңес беруші және атқарушы кәсіпорын арасында бизнес-жоспарлау жасалады.

Бірінші кезекте, бизнес-жоспарлау инвесторға қажет болып табылады, себебі, олардың кәсіпорындарының жағдайы жоспарға тікелей байланысты болады. Осы себептен, бұл бизнес жоспарлау инвестордың қатысуынсыз жасалынбайды. Егер бизнес-жоспарлау дұрыс жолмен жүріп, өз мақсатына жетсе, онда инвестордың табысы молая түседі.

Бизнес-жоспардың кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері:

ü    өз идеяларын жасап, оның қағаз жүзінде есептеулер жүргізіп, өмір сүру ұзақтылығын тексере алады;

ü    мұндай қағаздағы (виртуалды) вариант ішіндегі идеялар көптеген қателіктерден және керегі жоқ шығындардан құтқарып, өз қаражатын және уақытын үнемдеуге көмектеседі;

ü    кәсіпкерге кәсіпорынның жұмыс істеу механизмін жақсырақ түсіндіріп, нарықтық ортада қателіксіз жұмыс істуіне көмегін тигізеді;

ü    бизнес-жоспарды жасап, бітірген кезде ол кәсіпкерге көздеген мақсатына жетуге көмектесетін нақты зерттелген карта немесе схема ретінде қызметін атқарады.

Бизнес-жоспарды басқа біреу жасағаны үшін құнын төлеп, жай ғана  инвестициялық проектіні алам деп ойласаңыз – бұл қателік болады. Себебі  инвестор жай ғана «шикі» вариантты алып, оның сұраныстарын қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл кәсіпкер үшін тағы да шығындарға әкеледі.

Бизнес-жоспарды жасау барысында көптеген ақпаратты жинау мен өңдеу үшін көп күшті қажет етеді. Ал кейінгі қаржылық жоспарлау оңайырақ түседі, себебі ол уақытылы салымдар, жоспарға өзгертулер мен толықтырулар және нарық жағдайына тез арада әсер етуді ғана талап етеді.Жоғарыда айтып кеткен мәселе бойынша қорыта айтқанда, бизнес-жоспарды жасау үшін өз уақытыңыз бен қаржыны дұрыс жұмсасаңыз - өзіңіздің қалаған жетістігіңізге тез жетесіз.

Инвестициялық проектілердің типтік құрылымында мына бөлімдер көзделеді:

1.    Көрсетімділік бет– мұнда компания аты, заңды және нақты мекен-жайы, телефоны, e-mail және сайтының аты (егер ол бар болса), компания иеленушілерінің толық реквизиттері, проектінің аты және оған қысқаша нұсқаулары және проектінің орындалған күні  жазылады.

2.    Проект резюмесі– ол проектінің негізгі бағытын және қорытындыларын қамтиды. Резюменің мақсаты – инвесторды қызықтырып және оны проектімен таныстыру.Резюме көлемі 2-3 бетті құрап, терминсіз жай сөздерді қамтуы тиіс. Ол инвесторға бұл проектінің пайдасын және салымының перспективасын көрсетеді.

3.    Компания туралы мәлмет– ол компания туралы мәліметтерді қамтып, инвестициялық проектіні ұсынады. Онда компания иеленушілері туралы ақпарат, компания мақсаты, негізгі өнімдері меня компанияның нарықтағы орны көрсетіледі.

4.    Өнімі немесе қызметі туралы мәлімет– кәсіпорынның тауарлары мен қызметтрі және олардың характеристикасы, олардың тұтынушылары, тауар мен қызметтің құрамы және оның нарықтағы басқа тауарлар мен қызметтен айырмашылығы, патенттер мен лицензиялары туралы мәліметтер көрсетіледі;

5.    Маркетингтік анализ– нарықтағы тауарлар туралы ақпараттар, бәсекелестердің өнімі, бәсекелестердің тауарынан артықшылығы мен эксклюзитілігі, бәсекелестердің аты, реквизиттері, тауар немесе қызмет бағасы және олардың таңдаған стратегиясы жазылады.

Маркетингтік анализ – бизнес-жоспарды жасаудағы ең бірінші және маңызды этабы болып табылады. Маректингтік анализдегі маңызды бөлігі тауар немесе қызмет көрсетудегі негізгі көлемі, бәсекелестердің нарықтағы бөлігі, сатып алушылардың мотивациясы көрсетіледі.Осы бөліктің негізгі қызметі – нарық қандай тауарды қажет етеді, қай бағамен және неге дәл осы тауарды сатып алады деген сұраққа жауап беруі. Бұдан басқа, сол нарықтың даму тенденциясы және оның қазіргі күйінің анализі, орташа таыбыстығы, кәсіпорынның өнім өндіруінің көлемі мен масштабы бейнеленеді.

6.    Тауардың жылжу стратегиясы– мұнда тауар немесе қызметі нарықтың қандай сегментіне жатады, тұтынушылардың қандай категорясына негізделген, тауар не қызмет сапасы, берілген тауарды қандай жолмен жылжытады, қандай стратегияны қолданады, маркетингке кететін шығындар көрсетіледі. Бұл көптеген кәсіпкерлердің бизнес-жоспарының әлсіз жері, себебі осы факторларды ескермей келесі бөлімге көшеді. Ал бұл инвесторларды ең қызықтыратын бөлімі.

7.    Өндіріс– бұл пункт кәсіпорынның өнім өндірудегі қолданатын технологиясын, бұл технологияны қолднану себебі, технологияның негізгі процестері, оның жұмыс істеу схемасы және орналасу орны көрсетіледі. Егер кәсіпорында реконструкция көзделген болса, онда осы пункте барлығы көрсетілуі тиіс. 

Бұл бетте материалдар мен шикізаттарға кететін шығындар,   

сатып алуға, жеткізуге, кәсіпорынға қосымша қызмет көрсетуге және жабдықтарды жөндеуге кететін шығындар есептелінеді. Егер жаңа құралдар, аппаратуралар онда бұл технологияны қолдануға жаңа личензияның рұқсаты көрсетіледі.

8.    Персонал бойынша жоспар– бұл бөлімде персоналды алу бойынша қажеттіліктер қарастырылады.Онда персоналдағы адам саны, олардың квалификациясы, әрбір жұмысшы бойынша еңбек нарығындағы орны, персоналға төленетін еңбек ақы сомасы, олардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі және квалификациясын жоғарылату бойынша арнайы сабақтар мен курстар жазылады.

9.    Ұйымдастыру құрылымы және оны басқару – бұл жерде басқармадан ең төменгі статусты адамдардың қызмет бойынша топ генеалогиясы жүргізіледі. Оларды ынталандыру, әлеуметтік қажеттліктерін қамтамасыз ету көрсетіледі.

Егер басқарма өзгеретін болса, онда жаңа акционерлер құрамы көрсетіліп, кәсіпорынның басшысы көрсетіледі. Олардың кәсіпорында алатын жаңа ролі және қызметі қарастырылады. 

10.     Қаржылық жоспар– бизнес-жоспардың ең тартымды бөлігі болып табылады. Ол инвестициялық проетіге қажет ресурстар көрсетіп,  қай уақыт периодында жүргізіледі және маркетингтік сараптаманың қорытындысы көрсетіледі. Қаржылық жоспарда компанияға қайдан қаражат түседі, оның қаржыландыру көздері және мақсаттары сипатталады.

11.     Проектінің тәуекелділік анализі– бұл бөлімде проектінің кейбір тәуекелділік жағдайлары көрсетіледі: характеристикасы, оларды минимизациялау жоспары құрылады. 

12.     Бизнес-жоспарға қосымша құжаттар – бұл бөлім бизнес-жоспарды жасаудағы маркетингтік зерттеулері, спецификасы және құрылымы, бәсекелестер менолардың тауарлар мен қызметтерінің мазмұны, жарнамалық материалдардың көшірмесі, прайс-лист, каталог, сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің хаттары, контрактілер, басшылардың резюмесі және эксперттердің сараптамасы міндетті түрде көрсетіледі.       

 Бұл бизнес-жоспарды жасаудың негізгі талаптары. Оның дұрыс жасалуы компанияның келешете табыс береді ме, жоқ әлде, шығын келтіре ме, осыған әсерін тигізеді.

stud24.ru

Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау - Лекция

7. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау.

Бизнес-жоспарлаудың мазмұны мен қажеттілігі. Бизнес-жоспарлаудың қағидалары: жоспарлау қажеттілігі, жоспарлардың нақтылығы және өлшемділігі, орындау міндеттілігі, уақытта бағдарлануы, икемділігі,кешенділігі, фирма жоспарларының үйлесімділігі, тиімділігі, оңтайлығы. Кәсіпорын жоспарларын жіктеу. Кәсіпкерлік жобалардың бизнес-жоспары.

Кәсіпкерлік іс әрекеттін жетістікке жетуінін мақсаты толық жоспарды жасау.Сондықтан бизнес-жоспар жасалады.

Бизнес-жоспардың функциясы бар кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметін жоспарлау,онда алға қойылған мақсатқа жетуге,яғни пайда түсіруге бағытталған әрекеттер,шаралар көрсетіледі.

Бизнес-жоспар-уақыт б/ша біріктірілген мақсат пен ресурс б/ша келістірілген көзделген мақсатқа жету үшін бағытталған іс щаралар мен әрекеттер жүйесі.

Бизнес-жоспардың инвестиция ж/е инвестрларды тарту үшін қаржынын әртүрлі түрлерін пайдалану үшін негізгі құжат ретінде пайдалануы мүмкін.

Бизнес-жоспардың міндеттері:

1.Кәсіпорынның ұзақ мерзімді ж/е қысқа мерзімді мақсаттарын қалыптастыру.Оларға жетудін стратегияларын анықтап алу.

2.Кәсіпорын қызметінін нақты бағыттарын нарыққа бағытталу мен нарықтағы орнын анықтау.

3.Кәсіпорынның тұтынушы ұсынатын тауарлары ,тауарлар мен қызметтерін анықтау ж/е ассортиметін тандау.

4.Өндңрңстік ж/е өндірістік емес шығындарды бағалау.

5.Нарықты зерттеу,сатуды ынталандыру,баға белгілеу.

Бизнес-жоспар құрылысы,мазмұны қатан түрде бекітілмеген,бірақ белгілі бір бөлімдерден тұрады.

Бизнес жоспарды жасап шығарудың мақсаты-нарық қажеттіліктеріне ж/е қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу ж/е болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның  шаруашылық қызметін жоспарлау.

Бизнес-жоспарды құрастыру мен жасап шығару әдістемесі:

Бизнес жоспар келесідей ұсыныстарды ескере отырып дайындалу керек:

1.Ықшамдылығы-бизнес-жоспардын әрбір тарауы б/ша ең маңыздысының сипатталуы.

2.Баяндауда ж/е түсінуде қолжетімділік- бизнес-жоспар адамдарға көпшілікке түсінікті болуы керек.

3.Техникалық түсініктемелердің тым көп болмауы.

4.Сенімділік, ықшамдылық,серіктестеде қызығушылықты тудыру.

5.Белгілі бір стандарттарға сәйкестігі –бизнес-жоспар,оны оқитындар мен жүзеге асырушылар қабылдауы қажет ж/е оны құру әдістемесі б/ша ыңғайлы болу керек.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі: мазмұны және жүзеге асыру кезендері.

Қызметті жоспарлау – кәсіпорын мақсаттарын және оларға жету жолдарын белгілеу.

Жоспарлаудың түрлері:

> Ұзақ мерзімді

> Орташа мерзімді

> Қысқа мерзімді

> Бизнес- жоспарлау.

Бизнес жоспарлау, мазмұны, қажеттілігі негізгі бөліктері

Бизнес жоспарлау – инвестиция тарту инструменті және ішкіфирмалық жоспарлаудың негізі болып табылады. Әр түрлі компаниялар және жоба үшін бизнес жоспар формасы жоғары дәрежеде кәсіпорын үшін маңызды болатын сұрақтардан тәуелді.

Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері:

> Жобаның резюмесі.

> Кәсіпорынның сипаттамасы.

> Өнімнің сипаттамасы.

> Нарықты талдау.

> Өндірістік жоспар.

> Өткізуді жоспарлау.

> Қаржылық жоспар.

> Тәуекелді талдау.

> Шығынсыздықты талдау.

> Қосымшалар.

Резюме – бизнес жоспарға қысқаша шолу.

Кәсіпорынның сипаттамасы – бұл бөлімде нарықта әрекет ететің басқа компаниялармен салыстырғанда кәсіпорынның ерекшеліктеріне назар аударылады.

Өнімнің сипаттамасы – келесі критерийлер арқылы жүргізіледі:

> Ұсынылатын өнімді пайдалану мақсаты.

> Өнімді пайдалану мысалдары.

> Өндіріс көлемінен тәуелді өнімнің құны.

ru.essays.club

74. Туризмдегі кәсіперлік орта және кәсіпкерлік қызметті бизнес жоспарлау

. Бизнес - жоспарлау процесінің негізгісі – кәсіпкерлік жобаның бизнес - жоспарын және ұйымның даму бизнес-жоспары.

Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар бұрқыраған теңізден кемені еш шығынсыз алып шығатын кәсіпкердің қолындағы компас іспетті.

Ұйымның даму жоспарын дайындау кезінде кәсіпкер бизнес-жоспардың айтарлықтай ерекшеліктерін білуі тиіс.

  • кәсіпкерлер өзінің ісін жоспарлау кезінде шаруашылық жүргізу ережелерінің өзгерістерін , экономиканың дамуының бірқалыпты болмайтынын ескеруі қажет.

  • Кәсіпкерлікке сыртқы ортаның аса жоғары ықпалы, бизнес жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істерде аныталмаған жайттар көп кездесетінін ескеруді талап етеді.

  • Бизнес-жоспар дайындау кезінде барлық сыртқы факторларды ескере отырып, бизнес-жоспардың бөлімдеріне сан жағынан (мөлшеріне) әсерін анықтау қажет.

  • Қазақстандық кәсіпкерлер бизнес-жоспардың сандық көрсеткіштерін, әріптестердің бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өздері есептеулері тиіс.

  • Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік билік органдарының шешім қабылдаудағы кейбір ерекшеліктеріне байланысты өзіндік қасиеттері мен мүмкіндіктерін асыра бағаламауы тиіс.

Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жолында меншік және несиеге алынған қаржыларды, материалдық, кадрлық мүмкіндіктерді, түрлі тәуекелдік жағдайды ескере отырып, нарықтық бәсеке жағдайында ұйымның негізгі бөлімдерінің даму барысын сипаттайтын құжат.

Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар сан және сапа жөнінен кәспкер үшін де несие беретіндер мен әріптестер үшін де бағдар –сүйеніш болуы тиіс.

Яғни бизнес-жоспар–жоспарланған істердің нақтылығын көрсететін, экономикалық негізделген маңызды құжат. Сонымен бірге бизнес-жоспар инвесторлар мен әріптестер үшін жарнама құралы болып табылады. Сондықтан бизнес-жоспар қаржыгерлерге, бизнес бойынша әріптестер мен банк қызметкерлеріне іскерлік түсінікті тілде жазылып, дайындалуы тиіс.

Мәліметтер бизнес-жоспар бөлімдеріндегі мәселелерді анық дәл көрсетуі тиіс. Бизнес-жоспардың көлемі жобаланған мақсатқа байланысты, ең бастысы – көзделген мақсаттың нақты нәтижесі бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс.

Бизнес-жоспардың көлемі мақсатқа байланысты, жоспардың нәтижесі мақсатқа жету болып табылады. Жалпы ереже бойынша бизнес-жоспар бірнеше жылға (3-5 жылға) жасалады, ал бірінші жылдың жоспары нақты жоспардың құжаты ретінде маңызды.

Кәсіпкерлік тәжірибе бойынша да, ғылыми әдебиеттерде де бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұнына біртекті нұсқаулар жоқ, себебі әрбір бизнес-жоспардың мақсаты, кәсіпкердің таңдап алатын өндіріс саласы, ұйымның даму стратегиясы әртүрлі, әрқайсысының өз ерекшеліктері болады.

Кәсіпкер жеке өзінің ісіне бизнес-жоспар дайындау кезінде мынандай бөлімдерді қарастыру керек:

Ұйымның жалпы сипаттамасы (Резюме). Бұл бөлім барлық басқа бөлімдерді дайындап болғанан кейін дайындалады. Негізгі бағыт – анықталған мақсат және стратегияға жету жолдары.

Тауардың сипаттамасы. Бұл ұйымның ең маңызды іс-әрекеттерінің нәтижесі. Жұмысқа кірісер алдында кәсіпкер өндіретін тауары мен көрсететін қызметтері туралы тұтынушыларға анық, жан-жақты толық сипаттма беруі керек.

Тауар өткізу нарығы.Кәсіпкерлік ұйым тұтынушалар үшін жұмыс істейтін, сондықтан сатып алушыларды анықтап, нарықты талдауы, өндірілген тауары мен қызметтері нарықтан “шығып қалмауы” жағдайын алдын-ала қарастыру керек. Әдетте ереже бойынша нарықты зерттеу 4 кезеңге бөлінетінін естен шығармау керек.

Өткізу нарығындағы бәсеке Нарық сатушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынасын көрсететін күрделі механизм. Сатушы ретінде көптеген коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Сондықтан бәсекелес кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін алдын ала зерттеп, талдау қажет. Бұл бөлімде нарықтық конъюктураны талдау, нарықтық стратегия мен тактика, бәсекелестердің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.

Маркетингтік жоспар. Бұл бөлімде кәсіпкер әріптестеріне және инвесторларға маркетинг жоспарын, оның негізгі элементтерін түсіндіруі тиіс. Әрбір тауар түріне арнайы жоспар болуы керек, сонымен бірге тауарларға байланысты нарықтық өзгерістер, жаңа тауар өндірісін дамыту мәселелері қарастырылып , осылардың барлық жиынтығы маркетингтік жоспар деп аталады.

Өндірістік жоспар.Бұл тек қана өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлер үшін қажет . Басты міндет Әріптестерге қажетті тауарды тиісті мөлшерде талап етілген сапада мезгілінде өндіретінін дәлелдеу. Яғни қажетті тауарды өндіру процесін, өндірісті ұйымдастыру. Бұл бөлімнің мәліметтері 2-3 жылға жоспарланады, ал ірі кәсіпорындар үшін 4-5 жылға есептеледі.

Ұйымдастырушылық жоспары. Бұл бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымды басқару деңгейі, кәсіпкер мен ұйым мүшелерінің білімі, тәжірибесі, кәсіби мамандану деңгейлері көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлікте әрбір маманның ролі мамандық деңгейі өте маңызды, сондықтан қызметкерлердің әлсіз және күшті жақтарын анықтап, нақты сипаттама берген дұрыс.

Кәсіпкерліктегі тәуекелділік. Бұл бөлімде кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі мүмкін болатын қауіптерге тәуекелділік жағдайлары сипатталады, әртүрлі сыртқы және ішкі қауіпті жағдайлар мен оның зардаптарын жою жолдарын немесе алдын алу мәселелері қаралады.

Бизнес–жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істердегі тәуекелділік жағдайларын басқару мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс.

Қаржылық жоспар. Бұл бөлім ең қорытынды кәсіпорын іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсететін бөлім болып табылады. Қаржы бөлімінде кәсіпкерлік іс-әрекеттердің даму стратегиясы, қаншалықты жүзеге асырылғаны көрінеді.

Қосымшалар Қосымшаларда бизнес-жоспардың кейбір бөлімдерін нақтылай түсетін мәліметтер болады. Олардың құрамы мен мөлшері көздеген мақсатқа, бизнес ісінің мазмұнына байланысты.

Бизнес-жоспардың сыртқы бетінде бизнес-жоспардағы мәліметтердің кәсіпкерлік құпия екенін, сол істің иесіне ғана арналғанын көрсетуді ұмытпаған жөн.

75. Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру дегеніміз– жай және үдемелі өндірісті қаржыландыру шарттары мен формаларының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы. Қаржыландыру ұғымы ұйымның барлық салаларында ақша құралдарының пайда болуын көрсетеді.

“Қаржыландыру” түсінігі инвестициялау түсінігімен тығыз байланысты, қаржыландыру – ақшаның пайда болуы, ал инвестициялау – сол ақшаны пайдаға асыру, пайдалану. Олардың тығыз байланыстылығы сол, қаржы көзін анықтаудан бұрын, ол қайда жұмсалатынын алдын ала жоспарлау қажет.

Қаржыландыру көзін таңдауда төмендегідей негізгі 5 міндетті шешу керек:

  1. Қажетті капитал қысқа немесе ұзақ мерзімге керек пе, анықтау керек.

  2. Қолайлы қаржылық құрылымды анықтау үшін капитал активі құрамында болатын өзгерістерді анықтау керек.

  3. Тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз ету, яғни қаржылық тұрақтылық.

  4. Жеке меншік және қарызға алынған қаржыларды барынша пайда келтіретіндей пайдалану.

  5. Шаруашылық қызметті қаржылыандыру көлемін азайту.

Кәсіпорынды қаржыландыру көзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі қаржыландыру дегегніміз өзінің (меншік) қаржысы–таза пайда мен амортизациялық төлемдер жиынтығы.

Кәсіпкерлікті қаржыландырудың бірнеше түрлері бар:

  • бағалы қағаздар эмиссиясы;

  • банк несиелерін пайдалану;

  • ұйымдармен несиелік келісім жасау;

  • коммерциялық несиені пайдалану;салықтық және инвестициялық-салықтық несие;

  • факторинг;

  • лизинг;

  • овердрафт;

  • инвестициялық несие;

  • форфейтинг және т.б.

studfiles.net

ТАҚЫРЫП 1 1 БИЗНЕС - ЖОСПАРЛАУ СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

ТАҚЫРЫП 11. БИЗНЕС - ЖОСПАРЛАУ

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1 Тақырып сү-рактарын ауызша талқылауға дайындалу.

2 0зіН -өзі бакылауға арналған сұрақтарға жауап беру.

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5 «Маркетингтағы бизнес - жоспарлау», «Бизнес - жоспардағы нарықты багалау», «Бизнесті ұйымдастыру формалары» такырыптарына реферат жазу.

6. Такырып бойымша косымша глоссарий кұру.

7. Белгілі кэсіпорынның бизнес - жаспарын кұру.

ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1 «Бизнес - жоспар» түсінігі. Оны әзірлеу мақсаты.

2. Бизнес - жоспарды әзірлеуге қойылатын негізгі шарттар мен талайтар?

3. Бизнес - жоспар процессі жэне оның мәні.

4. Бизнес - жоспардағы типтік қателіктер. .

5. Бизнес-жоспардың тағайындалуы және бизнестің мақсаты.

БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Кондитерлік фабриканы салу .жобасын талкылау кезінде инвесторларда есептік дисконтирленген кұнмен танысу қызығушылығы туды. 5 жылдан кейін 10 млн, т. кұрайтын бастапкы инвестициялар толығымен амортизацияланады, ал фабриканын таза табысы бүл уақытқа 20 млн.т. Жылдык пайыздык ставка 10%. Дисконтирленген құнды есептендер.

2. Мүнай өндіру компаниясының бір акциясына деген дивидентгердің нормасын анықтаңдар, егер онын нарыктық құны - 5$, ал жылдык дивидент -0,75 $ кұрайды.

3. Сатуды болжамдау ұшін 5 нүкте бойынша күнделікті сатудын үлгілі динамикалық катарын түзету орындалуда. Қатардың соңғы 3 түзетілген мағынасын анықтаңдар. Соңғы екі апта бойынша сатылым мэліметтері

Күні

Нүкте номері

Сату көлемі | (млн. т.)

1

1

13

2

2

9

3

3

8

4

4

11

5

5

15

8

6

14

9

7

11

10

8

9

11

9

10

12

10

16

4. Өндірісті болжамдау үшін 6 нүкте бойынша жиынтық үйлерді, айсайынғы ендіріс көлемінің үлгілі динамикалык катарын түзетү орындалуда. Қатардын соңғы 2 түзетілген мағынасын аныктандар. Сонғы

ЖЫЛДЫҢ ӨНДІРІСІ бойынша мәліметтер берілген:

Айлар

өндіріс көлемі (шт.)

1

28 |

2

35

3

41

4

21

5

38

6

54

7

31

8

29

9

50

10

37

11

23

12 |

46

5. Акция бағасын болжамдау үшін 4 нүкте бойынша үлгілі динамикалык қатарды түзету орындалуда. Қатардың соңғы 3 түзетілген мағынасын аныктаңдар. Соңғы токсанның бағалары кестеде берілген:

Апта номері

Акция бағасы

1

1,25

2

1,2

3

1,15

4

1,15

5

1,22

6

1,30

7

1,25

8

1,36

9

1,41

10

1,39

11

1,52

12

1,6

13

1,55

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1. Басты максаты пайда алу максатында әртүрлі бизнеске каражаттарды салу болып табылатын жоба калай аталады:

а) ұйымдық;

б)экономикалык;

в) инвестициялық;

г) әлеуметтік.

7 Бизнес - жоспардын шешімін тағайындау неден тұрады:

а) даму шешімі;

б) міндеттер шешімі;

в) факторлар шешімі;

г) өнім шешімі.

3 Бизнес.- жоспар процессінде қандай сметалар кұрылады?

а) сату және үстеме шығындар сметасы;

б) ендіріс және капиталды шығындар сметасы;

в) акша кұралдарының козғалыс сметасы;

г)барлык жауабы дұрыс.

4. Серіктестер мен инвесторлар қандай кұжат негізінде акша береді:

а) бизнес - жоспар;

б) облигация; .

в) лицензия; '

г) патент.

5. Бизнес - жоспардың негізгі бөлімі болып не табылады?

а) маркетингтік бағдарлама;

б) заңды бағдарлама;

в) әлеуметтік бағдарлама;

г) а) жэне в) жауаптары дұрыс.

Әдістемелік үсыныстар. Семинарға дайындықты ұхынылатын әдебиеттен бастау керек. «Бизнес - жоспар», «фирма маркетингі» түсініктеріне толык анықтама беріндер. Кәсіпорында бизнес - жоспарды құруды карастырындар жэне сол кәсіпорынның дамуына талдау жасандар. Басты көңілді бизнес - жоспар қүрылымына бөліндер.

Білімді бағалау критериялары:

Бағалау шкаласы

Критериялар

Рейтинг 0-49

Балл 0

Әріптік эквивалент F

Қанағаттансыз. баға

Бағдарламалық материалды толық білмеу; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу және ірі қателіктер жіберу

Рейтинг - 50-74

Балл - 1-2,33

Әріптік эквивалент - D, D+,C-, CC+

Қанағаттансыз. баға

Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; онда бағдарламалық материалды жеткілікті түрде түсінбеу анықталады; теориялық ережелерді интерпредациялауда жекелеген қателіктер жіберіледі; материалды репродуктивті түрде ғана баяндау байқалады; өзіндік қорытындылар мен жалпылаулар жоқ.

Рейтинг - 75-89

Балл - 2,67-3,33

Әріптік эквивалент – B-, B, B+

Баға - жақсы

Жауап толық, дұыс; негізгі идеялар білімі қарастырылатын қайнар көздер білімі көрсетілген. Графиктер құрып, талдау жасай білу. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық, қорытындылар жасай білу ептілігі. Тәжірибелік жағдайларды талдау үшін теориялық білімді пайдалана білу. Бірақ баяндауда анықсыздықтар бар

Рейтинг - 90-100

Балл - 3,67-4,0

Әріптік эквивалент – A-, A

Баға - өте жақсы

Жауап толық, дұрыс; негізгі идеялар, қарастырылатын қайнар көздерді білу. Графиктер құрып, оларды талдай білу ептілігі. Микроэкономикалық жағдайлардың математикалық модельдерін дұрыс құру және бағалай білу ептілігі. Қосымша әдебиетті пайдалану. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық білдіру, қорытынды жасау ептілігі.

Штрафтық балдар төмендегілер үшін:

- сабақтарға келмеу, кешігіп келу, – 10% жалпы рейтингтен

- тапсырмаларды үнемі орындамау – - 10% жалпы рейтингтен

Ынталандыру балдары төмендегілер үшін:

- СӨЖО бойынша белсенді жұмыс – +10% жалпы рейтингтен

- СӨЖО бойынша сабақтан қалмау – + 5% жалпы рейтингтен

Негізгі әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.А Пять лет независимости А.: Казахстан, 1996.

2. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030."Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев". Послание Президента страны народу Казахстана А.: Білім, 1997. - 170 с.

3. Назарбаев Н.А. Рынок и социальноэкономическое развитие. М.: Экономика, 1994

4. Н.А. Платонова, Т.В. Харитонова Планирование деятелъности предприятия, М., Дело и сервис, 2005, 432 с.

Прогнозирование и планирование в условиях рынка уч. пособие для вүзов / под редакцией Морозовой Т.Т., Пикулькина А.В., М: Юнити Дана.-2000,318с.

6 Стратегическое планирование/Под редакцией Уткина Э.А.-М -Ассоциация авторов и издателей «Тандем». Издательство «Экмос», 1998, -440 с.

7 Омаров Б.Р., Омаров К.Т. Организация и методология регионального планирования социально-экономического развития. - Алматы, Экономика, 2000,- 70с.

8 Анискин Ю.П., Павлова А.М. Планирование и контроллинг / Учебник. - М: Омега-Л, 2003. -280 с.

Қосымша әдебиеттер:

9. Давитбаева Г. Особенности индикативного планирования финансовых

показателей органшаций обслуживающих населения //Транзитная

экономика 2003 - №3, с. 166-172. Ю.Тумбай Ж.О. Становление индикативного планирования в Казахстане //

Вестник КазНУ, серия экономическая - 2003, №2, с.49-52. П.Ахметов С.Н. Формирование новой модели региональной социально -

экономической системы. // Вестник КазНУ, серия экономическая -

2003, №2, с. 12-18. 12.Амирбеков К. Индикативное планирование. Финансы Казахстана —

2001, №6,с.55-59. ІЗ.Новая система экономического планирования. // Транзитная экономика

-2002, №2,0.5-14. 14.Кузнецов П.П. О переходе здравоохранения на новую модель

планирования и учета. // Финансы - 2002, №5, с. 51 -54. 15.Козлова В.В.'Особенности маркетингового подхода к планированию. //

Вестник КазНУ, серия экономическая - 2002, №1, с.87-91.

19. Айтханов Е. Проблемы управления процессами планирования и прогнозйрования регионального развития РК. // Вестник КазНУ, серия экономическая - 2002, №2, с.87-93.

20. Глубков Е.П. Планирование маркетинга. // Маркетинг в России и за рубежом-2002, №5,0.125-143.

21. Гришин В.А. Анализ планирования доходной части областного бюджета. // Финансы - 2002, №12. с. 20-

22. Садыков Р. Йалоговое планирование как элемент финансовой политики предприятия. // Финансы Казахстана - 20(33. №1. с. '74-80.

23. Сушкова Л. Стратегическое планирование деятельности предприятия. IIБухгалтер плюс компьютер - 2003,№7. с. 5-11.

24. Илимжанова З.О. О совершенствовании процесса прогнозирования налоговых поступлений на регйональном уровне. // АльПари - 2002, №6. с. 24-26.

25. Методы и задачи регулирования экономики и опыт планирования- 10 летие Н.А. Вознесенского.//Экономист-2003,№12. с. 21-23.

26. Винслав Ю. Планирование развития интегрированных корпоративных структур (материалы к лекциям и семинарам). //Российский экономический журнал - 2003, № 8. с. 72-81.

uchebana5.ru